«ЕЛ РУХЫ»: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҚПАРАТТЫҚ МЕДИА КЕҢІСТІГІ»

29.03.2021

Көрулер: 2606

2021 жылы 23 сәуірде сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің № 214 Е.Шаймерденов атындағы аудиторияда Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы мен Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы – ТҮРКІСОЙмен бірлескен шара «ЕЛ РУХЫ»: ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ АҚПАРАТТЫҚ МЕДИА КЕҢІСТІГІ» атты Халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция. өтеді.

Халықаралық онлайн-конференцияға АҚШ, Түркия және Орта Азия мемлекеттерінің ғалымдары, еліміздің және шетелік ЖОО оқытушы-профессорлары, PhD докторанттар мен магистранттар және БАҚ өкілдері қатысады.

Халықаралық онлайн-конференция төмендегі бағыттар бойынша өтеді:

  • Қазақстанның тәуелсіз баспасөзі «Ел рухы» матрицасы;
  • Ғаламдық медиа кеңістіктегі ұлттық трендтер;
  • Ақпараттық пандемия жағдайындағы әлеуметтік калейдоскоп;
  • Цифрлық адам мен виртуалдық қоғам диллеммасындағы медиакод.

Конференция материалдары жеке жинақта шығарылады.

Жарияланымның негізгі шарты - баяндаманы конференцияға дайындау. Ұйымдастыру алқасы форум басталғанға дейін бағдарлама мен баяндамалар жинағын дайындап шығарады. Баяндамалардың мазмұны конференция тақырыбына сәйкес болуы тиіс.

Материалдар 2021 жылдың 15 сәуіріне дейін қабылданады.

Жарияланым талаптары:

  1.  Баяндама (мақала) мәтіні 5 беттен аспайтын көлемде MS Word бағдарламасында әзірленуі қажет. Кестелер,сызбалар және суреттер атауымен Windows бағдарламасында құрылуы керек.
  2. Беттің параметрлері: барлық өрістері - 2 см.
  3. Қаріп: Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль-14.
  4. Жоларалық интервал - 1. Абзац: 1,25 см.
  5. Сілтемелерді пайдалана отырып, дереккөзді белгілеу қажет. Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында үлгіге сәйкес рәсімделеді. Әдебиетке сілтеме "квадрат" жақшада нөмірлерге сәйкес ретімен жасалуы керек. Мысалы: [1, 17].

Мақаланың (баяндаманың) электронды нұсқасын мына e-mail-ға жіберу қажет: mediaschoolalmaty2020@gmail.com

Редакциялық алқа баяндамаларды өздері таңдайды.

Конференцияға қатысу үшін өтінімді төмендегі нысан негізінде 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін ұсыну қажет.

 

ТІРКЕУ НЫСАНЫ

1. Тегі, аты-әкесінің аты(толықтай) __________________________
2. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы__________________________
3. Мекеме, лауазымы ______________________________________
4. Мекен-жайы____________________________________________
5. Телефон (халықаралық байланыс кодымен, ұялы телефон)______________
6. E-mail__________________________________________________
7. Мақаланың тақырыбы____________________________________

Баяндаманы конференцияға дайындау

Тыңдаушы ретінде қатысу

 

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының

докторы, профессор Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева

тел.: +77272211492, моб.: +77073777049

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра

меңгерушісінің орынбасары Алтын Бақашқызы Ақынбекова,

тел.: +77272211351, моб.:+77772750861

Конференцияның жеке идентификаторы: 255 561 2377         

 Код : 4E4CM3