"ФАРАБИ ӘЛЕМІ" атты студенттер және жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясы

04.03.2021

Көрулер: 1785

Алматы қ.                                                                                             2021 ж. 06-08 сәуір

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті Сізді «Фараби әлемі» атты студенттер және жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясына қатысуға шақырады.

Өткізілу уақыты: 2021 жыл 06-08 сәуір.

Өтетін орны: онлайн.

Қатысушылар құрамы – конференцияға қатысуға Қазақстан Республикасының және ТМД мемлекеттерінің студенттері, магистранттары және жас ғалымдары шақырылады.

Конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттері:

1)        студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;

2)        студенттер мен жас ғалымдарды қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге қатыстыру;

3)        дарынды, зерек студенттерді іріктеу, олардың шығармашылық қабілеттерін ашу және қолдау;

4)        студенттердің интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

Конференцияда журналистиканың өзекті мәселелерін келесі секциялар бойынша талқылау жоспарлануда:  

Секция 1. Ғылыми журналистика және коммуникация

Секция 2. Научная журналистика и коммуникация

Секция 3. Science journalism and communication

Секция 4. Digital PR және халықаралық журналистика

Секция 5. Digital PR и международная журналистика

Секция 6. Digital PR and international journalism 

Секция 7. Баспа ісі

Секция 8. Дизайн

Секция 9. Издательское дело и дизайн

 

 

Халықаралық конференция тілі – қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысушылар келесі форма бойынша өтінім береді:

 

Қатысушының тіркелу формасы:

Тегі, есімі, әкесінің есімі______________________________________________

ЖОО_______________________________________________________________

Қызметі (студент үшін - курс), ғылыми дәрежесі: ________________________

Байланыс телефоны: _________________________________________________

е.mail: _____________________________________________________________

Баяндама тақырыбы: _________________________________________________

Авторлары: ____________________________________________________________

Ғылыми жетекші: _______________________________________________________

Тегі, есімі, әкесінің есімі:__________________________________________________

Ғылыми дәрежесі, атағы: _________________________________________________

Қатысатын секциясы:   ___________________________________________________

 

 

Тезистерге қойылатын талаптар: 

  • ·       Көлемі 1 беттен аспауы керек;
  • ·       Бағдарлама Windows 98/2000/XP; Microsoft Word 2003;
  • ·       Беттің параметрлері: жоғарғы - 2 см, төменгі - 2 см, сол - 3 см, оң 1,5 см.;
  • ·       Шрифт Times New Roman, KZ Times New Roman; шрифт размері - 12pt;
  • ·       Қатараралық интервал дара; азат жол - 1 см; кітаптық ориентация; бет колонтитулсыз; мәтін ені бойынша туралау;
  • ·       Тезистерде графиктер, кестелер, суреттер болмауы керек;
  • ·       Тезистерге қоса авторлар туралы мәліметтер болу керек (қатысуға өтінім), файлды өз тегіңізбен белгілеңіз.

 

Конференция ұйымдастырушыларының конференцияның негізгі бағытына сәйкес келмейтін баяндамаларды қабылдамауға және жоғарыда көрсетілген талаптарға жауап бермейтін тезистерді баспаға жібермеуге құқысы бар. Ұйымдастыру комитеті тезис мәтіндерін редакцияламайды.

Бір автордан үшеуден артық тезис қабылданбайды. Конференция жеңімпаздары диплом және құрмет грамоталарымен марапатталады.

Талапқа сәйкес емес тезистер авторларға қайтарылмайды. Конференцияға қатысуға байланысты шығындар қатысушы есебінен төленеді.

Конференция материалдары жинақ ретінде жарыққа шығады.

Конференцияға қатысу үшін 2021 ж. 15 наурызына дейін толтырылған тіркелу формасын, баяндама тезистерін және ғылыми жетекшісінің ұсыныс пікірін электронды поштаcы арқылы кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасарына жіберу қажет:

Karlyga.mysaeva@kaznu.kz

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ:

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., әл-Фараби ат. ҚазҰУ

әл-Фараби, 71

Журналистика факультеті