SMART CITY HACKATHON Final

22.04.2023

Көрулер: 483

 

Екі күн бойы тартысты өткен, жүлде қоры 600 000 мың болған SMART CITY HACKATHON жарысы өз мәресіне жетті. Жарысқа 34 қатысушы қатысып, 8 топ құрылды. Қатысқан топтар:

  • Nurik
  • Hard Skill
  • Type
  • Hexagon
  • DS-21
  • IOTбек
  • Big Data Avengers
  • Dungeon Masters(BROgrammers)

Қатысушылар М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері мен магистранттары.  1-ші тур "Smart school" тақырыбында презентация қорғау және тест тапсыру болды. 2-ші тур «Smart traffic» және «Smart energy»  тректері бойынша проект жасау және оны қорғау. 1-ші турдан 6 команда өтті. BROgrammers және Hard Skill командалары келесі кезеңге өтпеді. Біз оларды келесі жылы тағы күтетін боламыз. 1 топ өз еркімен жарыстан кетуге шешім қабылдады.

Финалға өткен 5 командадан келесідей нәтижеге қол жеткіздік:

  • Nurik - 1-ші орын
  • IoTбек - 2-ші орын
  • Hexagon - 3-ші орын
  • Big Data Avengers - 4-ші орын
  • Type - 5-ші орын

Барша қатысқан командаларға үлкен рахмет және алдағы уақытта толағай табыстарға жетулеріне тілектеспіз. Ұйымдастырушы Жасанды интеллект және Big Data кафедрасы және Иманбек Бағлан ханымның командасына үлкен алғыс білдіреміз.