«Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының меңгерушісі 1-ші Халықаралық жас ғалымдар форумының ашылуына қатысты
Көрулер: 1311
«Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының меңгерушісі Мансурова Мадина Есимхановна Нұрсұлтан Назарбаев қоры ұйымдастырған «Тәуелсіз Қазақстанның зияткерлік әлеуеті: қалыптасуы мен дамуына 30 жыл» I Халықаралық жас ғалымдар форумының пленарлық сессиясына қатысты. Баяндаманың тақырыбы: “Perspectives of AI in Medicine”.
Форумның мақсаты - ұлттық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылау үшін ғалымдарды, саясаткерлерді, өндіріс көшбасшыларын, азаматтық қоғам мен БАҚ өкілдерін жинау. Форумға 14 елдің өкілдері қатысты: Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Қазақстан, Канада, Қытай, Латвия, Португалия, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Түркия, Украина, Франция.
Үш күн ішінде Форумда: ғылым мен кәсіпкерліктің ынтымақтастығы туралы ашық дәрістер, белгілі ғылым өкілдерінң ғылыми-көпшілік семинарлары, ғылыми жетістіктер көрмесі мен еліміздің жас ғалымдарының шоу жағдайлары көрмесі, тұрақты даму бойынша дөңгелек үстел және медицинадағы жасанды интеллект бойынша конференция өтті.
Мадина Мансурова жасанды интеллектің медицина мен денсаулық сақтау саласындағы рөлі өте маңызды екенін баса айтты. Сонымен қатар, «жасанды интеллект» ұғымына түсініктеме беріліп, жасанды интеллект жүйелерінің даму кезеңі ұсынылды және оның элементтері нақтыланды. Қолдану аясына шолу жасалып, жасанды интеллектің жекелеген элементтерін медицинаға енгізу тәжірибесі ұсынылды.
Қатысушылар Форум Тәуелсіз Қазақстан жастарының интеллектуалдық әлеуетінің алаңына айналатынына сенімді.
Мемлекеттік хатшы өз сөзін қорытындылай келе, Халықаралық форумның бастамасы мен ұйымдастырылғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаев қорына алғысын білдірді және Форум нәтижелері ұлттық ғылымның одан әрі дамуына септігін тигізетініне сенім білдірді.






