ЖИ және Big Data кафедрасының оқытушысы Баратова Ләззат «100 кітап» аясында Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» атты жазылған шығармалық повесімен кураторлық сабағын өткізді

06.03.2021

Көрулер: 1463

Сабақтың бастапқы кезеңінде Шыңғыс Айтматовтың хронологиясына, жазған еңбектеріне, еңбектерінің шетелге таралуы туралы әңгіме қозғалды. Сол Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» атты жазылған шығармалық еңбегіне тоқталып, повесіндегі кейіпкерлері: бала, Момын-қария, Оразкүл, жүргізуші-солдат екенін таныстырып өтті.

Повесте ұрпақтар жалғастығы, сабақтастығы мәселесі баланың жүргізуші-солдатпен өзара әңгімесінде нақты көрсетілгенін, ата-бабалар шежіресін білу, жеті атаға дейін жаңылмай айту кейіпкерлердің мінез-құлқы және іс-әрекеті арқылы емес, өзара диалог арқылы берілгенін түсіндіріп өтті. Жазылған шығармадағы негізгі оқиға кейіпкер бала Ыстықкөлде жүзген ақ кеме ішінде әкесі бар екенін, оны көргісі келетінін армандайтыны туралы түсіндіріп, тақырыпқа қатысты бейнематериалдар көрсетіліп, студенттермен пікір талас өткізу арқылы кураторлық сабағын өткізді.

Куратолық сабақ студеттердің «жазушының «Ақ кеме» кітабында әдебиеттегі көне дәстүр – синкретикалық жанр байқалады. Атап айтқанда көркем туындыда ертегі, аңыз, тәмсіл, трагедия, фантастика жанрларының барлығы дерлік көркемдік тәсіл ретінде қолданылған. Суреткердің әр туындыдан кейін жаңа шығармашылық сатыға биіктегені көзге анық шалынады. Повестегі ақ кеме – жазушының белгілі бір меңзеуі, астарлы ойы, айтар сыры. Ақ кеме – баланың күте-күте аңсары ауып, санасын сарғайтқан белгісіз әкесі қызмет атқаратын мекен-жай іспеттес әсерде қалдырады. Әкесіне асыққан жас баланың аңсауы, сағынышы да ерекше аңғарылады деп білемін» деген сөздерімен аяқталды.