Магистрант Нұрдәулет Тасмырзаев адамдарда масканың бар - жоғын анықтайтын ақылды бағдарлама әзірледі

09.12.2020

Көрулер: 1682

ҚазҰУ-дың Ақпараттық технологиялар факультеті, жасанды интеллект және Big Data "зияткерлік басқару жүйелері" мамандығының 1-курс магистранты Нұрдәулет Тасмырзаев ғылыми тобымен бірге адам маскасының бар-жоғын бірден анықтайтын ақылды бағдарлама әзірледі.

Инновациялық әзірлеме бейнебақылау камераларына карантин режимін бұзушыларды анықтауға мүмкіндік береді. Бағдарламаны әзірлеуге екі ай уақыт кетті. Жақын арада олар осы бағдарламамен бірге адам көп жиналатын жерлерде камера орнатады. Сондай-ақ, бағдарламаны коммерцияландыруды жоспарлап отыр.

Алматы телеарнасының тілшілері бағдарламаны жоғары бағалады.