АКАДЕМИК ӨМІРБЕК ЖОЛДАСБЕКОВ РУХЫНА ТАҒЗЫМ!

01.03.2024

Көрулер: 144

Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бұрынғы ректоры, академик Өмірбек Жолдасбековтің туғанына – 93 жыл. 

Осы күнге орай, оқу ордасының оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері,  Өмірбек Арысланұлының ұрпақтары, шәкірттері мен замандас-достары академиктің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Жиналғандар университеттің дамуына, еліміздегі білім мен ғылымның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан қайраткер тұлғаны еске алды.

 

Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков 1970-1986 жылдары университетте ректор болып қызмет атқарды. Білім ордасын басқарған тұста академик ҚазҰУ қалашығының негізін қалап, жоғары оқу орнын жаңа деңгейге көтерді. Оқытушы-ғалымдар мен қызметкерлерге жағдай жасалып, шетелдің үздік мамандары шақырылды. Ғалымның басшылығымен ЖОО-да жаңа зертханалар, кафедралар, ғылыми орталықтар, сондай-ақ Қазақстан ұлттық инженерлік академиясы құрылды. Өмірбек Арысланұлының ашқан ғылыми жа­ңа­лықтары, ізденіске толы еңбектері Қазақстанда ғана емес, әлемдік ғылыми ортада да кеңінен мойындалды. Қажырлы да табанды еңбе­гінің арқасында механик-ға­лым­­дардың тұтас бір шоғырын тәр­­биелеп шығарды.