Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика- математика факультеті механика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Алибаева Қ.А. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2023» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды.

28.12.2023

Көрулер: 277

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған республикалық конкурс оқытушы-ғалымдардың беделін арттыру және оларды ғылымға ынталандыруға бағытталған.

 

Биыл байқауға еліміздің 80 жоғары оқу орнынан 768 оқытушы қатысты. Іріктеу және бағалау электрондық оқу ресурстарын, материалдарды әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық журналдарда ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы және т.б. көрсеткіштері бойынша анықталды.

 

Байқауда Қазақстанның 43 жоғары оқу орнының 150 оқытушысы жеңіске жетті. Олар әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақыға ие болады.

 

Жеңімпаздар тізіміне енген механика кафедрасының үздік оқытушысы Алибаева Қарлығаш Абылхаковнаны табысты жетістіктерімен құттықтаймыз!

 

Автор: Туралина Д.Е., ф.-м.ғ.к, аға оқытушы.

Механика кафедрасы