Механика кафедрасының доцент м.а. Калиева Назгуль Болатовна кубсаттарды жобалау бойынша практикалық тренингке қатысты.

02.10.2023

Көрулер: 763

 

Курсқа 14 елден 17 қатысушы қатысты. 17 шілдеден 1 қыркүйекке дейін созылған бұл тренинг үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде (17 шілде -20 тамыз) онлайн лекциялар Moodle жүйесінде жүргізілді.

21 тамыздан 30 тамыз аралығында Жапонияның Нихон университетінде практикалық бөлімі өтті. Осы кезеңде қатысушылар кубсаттарды жобалауды, оның ішкі жүйелерін жобалауды үйреніп, Hepta-Sat жиынтығы негізінде 1U кубсат жасап, оның миссиясын жобалады. Сонымен қатар Токио қаласында орналасқан ғарыш аппараттарын жасау саласында қызмет ететін компанияларға барып, олардың ұшуды басқару орталығын, спутниктерді жасайтын бөлмелерін көрді.

 

 

Курстың үшінші кезеңінде қатысушылар ArkEdge Space, IHI aerospace, IHI Corporation, INAMI Space Laboratory, Japan Manned Space Systems Corporation, NEC Corporation, Hatta Yamamoto Propulsion Engineering and Research компанияларының қызметкерлеріне наноспутниктерді және олардың ішкі жүйелерін жобалау бойынша дәріс беріп, лабораториялық сабақтар жүргізді. Назгуль Калиева негізгі инструкторлардың бірі ретінде таңдалып, ғарыш аппаратының энергиямен қамтамасыз ету жүйесін жобалау бойынша дәріс оқыды. Бұл курсты Жапонияның экономика, сауда және индустрия министрлігінің (METI) тапсырмасымен Шетелдік техникалық ынтымақтастық және тұрақты серіктестік ассоциациясының (AOTS) ұйымдастырып, қаржыландырды.

 

Механика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Алибаева К.А.