Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің 1-курс магистранттары Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресіне (TWMS Congress-2023) қатысты

27.09.2023

Көрулер: 954

 

 

2023 жылы 20-23 қыркүйек аралығында Түркістан қаласында Түркі әлемінің математикалық қоғамы (Turkic World Mathematical Society, TWMS) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің және Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (ХҚТУ) қолдауымен өткізілген Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресіне (TWMS Congress-2023)  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің механика кафедрасының 1-курс магистранттары Абдидин Алина, Елдосқызы Құралай, Момыш Назерке, Бодау Бекет қатысып, баяндамалар жасады.

 

 

 

Конгрестің негізгі мақсаты – ғалымдардың халықаралық байланыстары мен ғылыми ынтымақтастығын кеңейту, математика ғылымының дамуына және математиканың, ақпараттық технологиялардың жетістіктерін ғылыми зерттеулерде, техника мен білім беруде қолдануға үлес қосу.

 

 

 

 

Әлемнің 21 мемлекетінен құралған ғалымдар тобы өз тәжірибелерінен бөлісіп, білімдерімен алмасты. Конгрес барысында Түркістан қаласының тарихымен таныстырып, көрнекі жерлеріне тур жасалынды.

 

 

 

Мехника кафедрасының

аға оқытушысы, PhD

Алибаева Қарлығаш