Бәсекеге қабілетті маман даярлау – маңызды міндеттер қатарында

03.05.2023

Көрулер: 708

 

 

 

Бәсекеге қабілетті маман даярлау, ғылым мен өндірісті ұштастыру, отандық ғылымның прогрессивті шешімдерін өндірістік секторға енгізу Президент алға қойған маңызды міндеттер қатарында екені мәлім.

 

Осы орайда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Семізбай U» ЖШС арасында жасалған Келісім шарт негізінде Механика – математика факультеті механика кафедрасының 4 – курс студенттері Есберген Жандаулет пен Мейрамбекова Нұрай Ақмола облысындағы «Семізбай U» кенішінде өндірістік және дипломалды практикалардан өтті.

 

 

 

 

Практика барысында өндірістің қойған тапсырмасына сәйкес Есберген Жандаулет «Бактериялармен төрт валентті уранды (UO2) шаймалау әдісімен өндіруді пайдалану», Мейрамбекова Нұрай «Жер асты ұңғымалы шаймалау әдісімен минералды өндіру барысында Push-Pull техникасының тиімділігін зерттеу» тақырыбы бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.