«Қазақстандағы механика, машина жасау және робототехниканы дамытудың стратегиялық міндеттері мен перспективалары» тақырыбында ашық дәріс
14.04.2022
Көрулер: 1651
Академик Ө.А.Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтының бас директоры, т.ғ.д., профессор, академик Төлешов Амандық Қуатұлы және сол институттың жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Искаков Жарылқасын ғылым күніне орай 13 сәуір Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика кафедрасының студенттеріне арналған «Қазақстандағы механика, машина жасау және робототехниканы дамытудың стратегиялық міндеттері мен перспективалары» тақырыбында ашық дәріс өткізді.



Дәріс барысында кафедраның беделді профессорларымен бірге студенттерді ғылыммен айналысуға, соның ішінде механика, робототехника, ғарыш салаларын дамытуға үлес қосуға шақырды. Кездесу соңында спикерлер студенттерді институтқа келіп, жобалармен жеке танысуға шақырды.






