Механика кафедрасының оқытушысы FESTO неміс компаниялар тобының халықаралық үлгідегі сертификатын алды

21.04.2021

Көрулер: 1816

05.03.2021 ж. және 26.03.2021 жылы механика кафедрасының профессорының м. а., т. ғ. к. Жұмашева Ж. Т. FESTO компаниялар тобының халықаралық сертификаттауымен Cirosomputer Integrated Robot Operating System) Education "Модульдік өндірістік ұяшықтар" тақырыбында вебинар өтті.

FESTO - автоматтандыру технологияларының жетекші әлемдік жеткізушісі және өндірістік оқыту мен білім беру бағдарламалары саласындағы көшбасшы болып табылатын компаниялар тобы.

Вебинар барысында Ж. Т. Жұмашева өнеркәсіптік мехатроника және робототехника бойынша CIROS STUDIO/EDUCATION виртуалды зертханасымен танысты. CIROS Studio - имитациялық модельдерді құруға арналған кәсіби жұмыс құралы.

Вебинар барысында қатысушы келесі тақырыптар бойынша теориялық білім алды:

- CIROS Education бағдарламалық жасақтамасының негізгі функцияларымен танысу;

- Әртүрлі өндірушілердің роботтарымен үйлесімділік;

- FluidSim, электропневмогидроавтоматика симуляторымен жұмыс істеу мүмкіндігі;

- Виртуалды зауыт пен бағдарламалау ортасының өзара әрекеттесуін орнату;

- Мехатроника бойынша базалық станцияларды виртуалды монтаждау және бағдарламалау және т.б. 

Вебинарды Қазақстандағы FESTO филиалының "skills camp" жаттығу лагерлер желісі ұйымдастырды.

Ciros 26.03.21 f_2-end (1).pdf

Ciros 05.03.21 f_6-6 (1).pdf

Бейсембекова Меруерт

Механика кафедрасы