Наурыздың 1-5 аралығында Екінші Халықаралық Жолдасбеков "Болашақ механикасы» атты симпозиумы өтті

06.03.2021

Көрулер: 1981

Наурыздың 1-5 аралығында көрнекті мемлекет, қоғам және саясат қайраткері, Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білімінің ірі ұйымдастырушы, ғұлама ғалым-механик, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлының 90-жылдық мерейтойына арналған Екінші Халықаралық Жолдасбеков "Болашақ механикасы» атты симпозиумы өтті

Аталған Симпозиум қазіргі заманғы механиканың, машинатану мен робототехниканың даму тенденцияларын әлемге әйгілі ғалымдардың талқылауына, ғылыми байланыстарды кеңейтуге және жаңа технологиялар мен зерттеу әдістерімен танысуға, жас ғалымдардың құзыреттіліктерін арттыруға арналған алаң болып табылды. Симпозиум жұмысы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ ұйымдастыруымен «Жас ғалымдар мектебі» өтілді, оған университеттің жас ғалымдары, магистранттары мен докторанттары қатысты

Симпозиумға әлемнің түкпір-түкпірінен белгілі ғалымдар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олардың ішінде, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғарыштық техника және технологиялар мамандығымен тығыз қарым-қатынас жасаған Токио университетінің профессоры Шиничи Накасука, Бағдат университетінің профессоры, м. ғ. к. Фаркад Али Латиф, Ресей мемлекетінің Кубань мемлекеттік технологиялық университетінен Смелягин Анатолий. Амиркабир технологиялық университетінің профессоры және ортопедия және стоматологиялық биомеханика зертханасының бас зерттеушісі-Голамреза Рухи. Сонымен қатар "Инженерлік есептердің шешімдерін табудың ақырғы элементтер әдісі." тақырыбында Багдад университетінің асст. проф Одай Ибраһим Абдулла баяндама жасап қана қоймай жас ғалымдарға халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдарды жасау әдістерімен де таныстырды. Ғалымдар жасаған баяндамалар машинажасаудан ғарыштық тақырыпқа дейін, сұйықтар мен газдар тақырыбынан импланттар тақырыбына дейін қамтылды. Ал осы тақырыптардың барлығын механика біріктіреді.Бұл тағы да механика саласының қандай кең ауқымды екенін дәлелдейді

 «Болашақ механикасы» екінші халықаралық Жолдасбеков симпозиумы жоғарғы деңгейде өтілді. Әлемде орын алып жатқан ахуалға қарамастан, өз еліміздің және шет ел ғалымдар белсене қатысып, маңызды мәселелерді талқылап, пайдалы ақпараттармен бөлісті

   


Бейсембекова Меруерт

Механика кафедрасы