Механика кафедрасының оқытушысына инженерлік педагогика бойынша халықаралық қоғамының "International engineering educator" атағы берілді (International Society of Engineering Pedagogy, Вена қ. - Филлах қ., Австрия)

04.09.2020

Көрулер: 1757

2019 жылғы 03 маусым мен 05 шілде аралығында механика кафедрасының профессорының м.а., т. ғ. к., қауымдастырылған профессор Ж. Т. Жұмашева Инженерлік педагогика бойынша халықаралық қоғам (IGIP), Қазақстандық инженерлік білім беру қауымдастығы (KAZSEE) және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырған "Инженерлік педагогика" халықаралық оқытушыларды даярлау бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын 20 ECTS кредит көлемінде сәтті өтті.

Курс аяқталғаннан кейін Қазақстан IGIP Ұлттық мониторинг комитеті арқылы "International engineering educator" атағын алуға инженерлік педагогика бойынша халықаралық қоғамға (IGIP) құжаттарын ұсынды. Құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Ж.Т. Жұмашеваға инженерлік педагогика бойынша халықаралық қоғамның "International engineering educator" атағы берілді.

Механика кафедрасының оқытушысы Ж. Т. Жұмашеваны халықаралық біліктілікті арттыру және сертификаттаудан өтуімен құттықтаймыз және оған алдағы уақытта табыстар тілейміз.

KAZ-053_Zhumasheva_IGIP_Certificate.pdf

Механика кафедрасы

Туралина Д.Е.