Берлин техникалық университетіндегі магистранттардың тағылымдамасы

19.04.2019

Көрулер: 2399

  Механика кафедрасының магистранттары (Сагиндикова Аяна, Токибаев Данияр, Есенжол Марғұлан, Жунусов Рустем, Жақып Батыр, Көмірші Гауһар, Жумаханов Мирас, Галузин Тимур, Сарсенова Балжан, Тасова Мадина, Досеке Олжас, Карамуллин Тимур, Нургасымова Балжан, Бейсембекова Меруерт, Зеит Куралай, Акибаева Айдана, Бузгулова Айзада, Қорабай Айсулу, Бекмуканбетова Дана, Әділхан Анар, Мухамбеткалиева Гаухар, Турсынбаева Сауле, Ибраева Арман, Аджан Бекзат) Берлин техникалық университетінде «Халықаралық ғарыш мектебі» бағдарламасы бойынша шетелдік тағылымдамадан өтті.

  10 күнге созылған (15.03.2019-29.03.2019) тағылымдама барысында профессор Брисс К., профессор Орлов М.А, профессор Галайко Д., профессор Рэмбо Н. секілді алдыңғы қатардағы ЖОО-ның жетекші профессорларының дәрістерін тыңдады. Дәрістер серіктік жүйелерге шолу, СТК-ға кіріспе, аспан механикасы және ғарыштық динамика, серіктік шағын жүйелер, тексеру жүйесі, деректерді өңдеу негіздері, наносеріктерді бағдарлау және басқару жүйесі, наноспутниктік жобалау әдістемесі, жаһандық тұрақты инновациялар деген кең ауқымды тақырыптарды қамтыды, танымдық ақпараттары мол әрі өте пайдалы болды.

 

  Дәрістерден бөлек заманауи «Өнертапқыштық мәселелерін шешу теориясы» (Теории Решения Изобретательских Задач - ТРИЗ) бойынша профессор М.А.Орловтың шеберлік сабағына қатысты. Бағдарлама бойынша жоспарланған барлық дәрістер тыңдалды және оқудың соңында тағылымдамадан өткенін растайтын сертификаттар мен заманауи ТРИЗ шеберлік сабақтарына қатысқандарын растайтын сертификаттарға ие болды.

  Тағылымдама бағдарламасы маңызды таныстырылымдық бөлімді қамтыды: Нойштерлиц қаласындаағы (Германия) DLR неміс аэроғарыштық орталығына экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында аэроғарыштық орталығының мамандары орталықта орналасқан серіктер туралы әңгімелеп берді. Олар теңіздегі ахуал туралы хабардар ету, ионосфералық мониторинг пен болжау орталығы, теңіздегі навигацияның қауіпсіздігі мен нақтылығы туралы қашықтықтан зондтау туралы әңгімеледі.

 

Сонымен қатар магистранттар Рейхстагты, Бранденбург қақпаларнын да көріп қайтты.

www.kaznu.kz

 

Туралина Д.Е.

                                                                                механика кафедрасы