Республикалық физика-математика мектебінде өткен практика

17.04.2019

Көрулер: 2380

Сегізінші семестрде оқу жоспарына сәйкес «5В060300-Механика» мамандығының 25 студенті Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде педагогикалық практикадан өтті.

Педагогикалық практиканың мақсаты - студенттердің кәсіби-педагогикалық тәжірибесін одан әрі жетілдіру, тәрбие жұмысының негізгі міндеттерін түсіндіру.

Педагогикалық практиканың алғашқы күнінен бастап директоры А.М.Кунгожин бастаған мектеп ұжымы студенттерді жылы қарсы алды.

Тәжірибе барысында студенттер өздерін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндіктері болды, олардың мамандықты дұрыс таңдағандарына көздері жетті, сабақтың құрылымы туралы жақсы түсініктері қалыптасып, өздеріне деген сенімдері артты.

Жалпы алғанда, студенттердің педагогикалық тәжірибесі табысты өтті!

www.kaznu.kz

 

 

 

Механика кафедрасы

Туралина Д.Е.