Жаңалықтар

Механика кафедрасына кітаптар сыйлыққа тартылды!

12.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және механика кафедрасының 85 жылдығы аясында ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, ШАХБАЗ Әлімгерейұлы Ершин атындағы аудиторияның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Осы іс-шара аясында академик Шахбаз Әлімгерейұлының жары ф.-м.ғ.д., ҚазМемҚызПУ профессоры Айнакүл Қапасқызы Ершина әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті механика-математика факультетінің механика кафедрасына академик Ш.А. Ершиннің «Ш.А. Ершин. Гидроаэродинамика. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. - 354 бет» атты монографиясын сыйға тартты. Жалпы құны 61120 теңге, 10 дана.

Ары қарай оқу >>

АКАДЕМИК Ш.Ә.ЕРШИН ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ КӨРСЕТІЛДІ

12.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және механика кафедрасының 85 жылдығы аясында техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Шахбаз Әлімгерейұлы Ершин туралы деректі фильм көрсетілді.

Ары қарай оқу >>

АКАДЕМИК Ш.Ә.ЕРШИН АТЫНДАҒЫ АУДИТОРИЯ АШЫЛДЫ

11.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және механика кафедрасының 85 жылдығы аясында техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Шахбаз Ершин атындағы аудиторияның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға отандық және шетелдік ғалымдар, оқытушылар мен білім алушы жастар қатысты.

Ары қарай оқу >>

Mеханика кафедрасының ғылыми-зерттеу жетістіктерінің көрмесі

11.12.2021

Академик Ш.Ә.Ершин атындағы аудиторияның ашылуына арналған, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика кафедрасының 85 жылдығы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған іс-шаралар аясында 2021 жылдың 11 желтоқсанында сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математика факультетінде Механика кафедрасында жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетістіктері бойынша көрме өтті.

Ары қарай оқу >>

Механика пәні бойынша республикалық студенттік олимпиада болып өтті

24.11.2021

Биыл Механика кафедрасының іргетасының қаланғанына 85 жыл толуына және академик Шахбаз Әлімгерейұлы Ершиннің 95 жылдығына арналып механика-метематика факультетінің корпусында арнайы аудитория ашылды. Осы шаралар аясында 24 қараша күні Механика пәні бойынша республикалық студенттік олимпиада болып өтті.

Ары қарай оқу >>

Балтабай Дәурен - «Үздік жас ғалым – 2021» халықаралық жобасының жүлдегері

10.11.2021

2021 жылдың 10 қарашасында Нұр-сұлтан қаласында ««Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ғалымдарының «Үздік жас ғалым – 2021» халықаралық ғылыми конференциясы мен IV нөмірлі халықаралық кітап топтамасының тұсаукесері өтті.

«Үздік жас ғалым – 2021» халықаралық жобасының I дәрежелі дипломымен және «Үздік жас ғалым – 2021» төсбелгісімен ғылым мен білімді дамытуға қосқан үлесі үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Робототехникалық жүйелер» ББ бойынша 2-курс докторанты Балтабай Дәурен Қуанышбекұлы марапатталды.

Ары қарай оқу >>

619011-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-JP «Климаттың өзгеруіне жағалаудағы экожүйелердің бейімделуіне арналған геокеңістіктік инженерия бойынша жаңа курстар – GEOCLIC»

01.11.2021

Жобаның негізгі мақсаты - нарық талаптарына және озық практикаға сәйкес келетін инновациялық үш деңгейлі оқу жоспарлары арқылы Әзірбайжанда, Қазақстанда және Түркіменстанда бакалавриат / магистратура / докторантура деңгейлерінде жаңа геокеңістіктік технологияларды, ауқымды деректерді және қашықтықтан зондтауды қолдана отырып, жағалау экожүйелерінің мониторингі және қоршаған ортаны қорғау саласында оқытуды жаңғырту және интернационалдандыру

Ары қарай оқу >>

Тәуелсіздік құрдастары: 30 жылда бағындырған белестер қандай?

10.09.2021

Қазақстан Тәуелсіздіктің мерейтойлық жылын ғылым саласындағы көптеген жеңістермен қарсы алады.

Егемендіктің құрдастары, 1991 жылы туған жастар ғылыми жетістіктердің әлемдік қазынасына қомақты үлес қосуда

Ары қарай оқу >>