Жаңалықтар

АКАДЕМИК ӨМІРБЕК ЖОЛДАСБЕКОВ РУХЫНА ТАҒЗЫМ

01.03.2022

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халқымыздың көрнекті тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері, академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті. Дәстүрлі түрде 1 наурыз күні өтетін шараға Өмірбек Жолдасбековтің ұрпақтары мен замандастары, білім ордасының оқытушы-профессорлары және студенттері қатысты.

Ары қарай оқу >>

ҚР БҒМ PhD докторанттарды дайындау бағдарламасы бойынша, “Ғарыштық техника және технологиялар” мамандығының 3 курс докторанттары шетелдік тәжірибеден өтуде

24.02.2022

ҚР БҒМ PhD докторанттарды дайындау бағдарламасы бойынша, “Ғарыштық техника және технологиялар” мамандығының 3 курс докторанттары шетелдік тәжірибеден өтуде. Докторант-Бейсембекова М.К. ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу мақсатында, Европа елінің Эстония мемлекетінде, Таллин техникалық университетінің, кибернетика кафедрасының толқындық инженерия зертханасында тәжірибе алмасып жатыр.

Ары қарай оқу >>

Сіздермен механика кафедрасы жанындағы білім беру орталығының жақсы жаңалығымен бөліскіміз келеді!

08.02.2022

Өндіріспен тығыз байланысты ғылыми-инновациялық кадрлар даярлау жүйесін құру арқылы ғана еліміздің тиімді экономикасына қол жеткізуге болатыны белгілі. Қуанышты жаңалықпен бөлісуге асығамыз – 11 қараша мен 30  желтоқсан 2021 аралығында Механика кафедрасы жанындағы білім беру орталығы өзінің алғашқы Халық Банкі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсын сәтті өткізді. 

Ары қарай оқу >>

Қазіргі таңда техникалық мамандықтарға қызығушылық қандай: ҚазҰУ сарапшыларының пікірлері

31.01.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында техникалық мамандықтарға басымдық беруді тапсырды. Қазақ брендін қалыптастыру үшін елге инженер-техник мамандар қажет. Бұл бүгінгі күннің талабы. Техникалық мамандар санының артуы мемлекетіміздің экономикалық өсуіне ықпал ететін факторлардың бірі болып табылады. Болашақ мамандардың кәсіби деңгейін көтеру үшін қандай шараларды қолға алу керек? Қазіргі таңда техникалық мамандықтарға сұраныс қандай? Бүгін студиямызға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мамандары жиналып, осы және өзге де мәселелерді талқылады.

Ары қарай оқу >>

РОБОТОТЕХНИКАНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ ҚАЗҰУ-ДА ОҚИДЫ

14.12.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан механика-математика факультетінің, механика кафедрасының командасы «ETU Robocon 2021» университеттер арасында робототехника бойынша ІІ республикалық чемпионатқа қатысып, жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.

Ары қарай оқу >>

Академик Шахбаз Әлімгерейұлы Ершин атындағы шәкіртақы!

12.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының студенттері мен магистранттарына оқу мен ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жетістіктері үшін академик Шахбаз Әлімгірейұлы Ершин атындағы шәкіртақы тағайындалды.

Ары қарай оқу >>

Механика кафедрасына кітаптар сыйлыққа тартылды!

12.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және механика кафедрасының 85 жылдығы аясында ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, ШАХБАЗ Әлімгерейұлы Ершин атындағы аудиторияның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Осы іс-шара аясында академик Шахбаз Әлімгерейұлының жары ф.-м.ғ.д., ҚазМемҚызПУ профессоры Айнакүл Қапасқызы Ершина әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті механика-математика факультетінің механика кафедрасына академик Ш.А. Ершиннің «Ш.А. Ершин. Гидроаэродинамика. – Алматы: Қазақ университеті, 2013. - 354 бет» атты монографиясын сыйға тартты. Жалпы құны 61120 теңге, 10 дана.

Ары қарай оқу >>

АКАДЕМИК Ш.Ә.ЕРШИН ТУРАЛЫ ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ КӨРСЕТІЛДІ

12.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және механика кафедрасының 85 жылдығы аясында техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Шахбаз Әлімгерейұлы Ершин туралы деректі фильм көрсетілді.

Ары қарай оқу >>

АКАДЕМИК Ш.Ә.ЕРШИН АТЫНДАҒЫ АУДИТОРИЯ АШЫЛДЫ

11.12.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және механика кафедрасының 85 жылдығы аясында техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі Шахбаз Ершин атындағы аудиторияның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға отандық және шетелдік ғалымдар, оқытушылар мен білім алушы жастар қатысты.

Ары қарай оқу >>