Жаңалықтар

Шетелдік профессорлардың дәрісі

09.04.2019

9-10 сәуір 2019 ж. «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың VI халықаралық конференциясына шетелден шетелдік жетекші ЖОО профессорлары қонаққа келді. Солардың ішінде ENSAIA мемлекеттік агрономия және тамақ өнеркәсібі жоғары мектебінің профессоры, Лотарингия университеті (Лоррейн университеті, Франция), Кирилл Фаде. «Chlordecone a paragon of old chlorinated pesticides fate from environment to the Food chain – Human health implications» тақырыбына баяндама жасады.

Түркиядан келген Қара теңіз техникалық университетінің профессоры Демирбаг Зинни «Enhanced insecticidal activity of Chilo iridescent virus expressing an insect specific neurotoxin» тақырыбына баяндама жасады. Медицина ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Муминов Талғат Аширұлы. «әл-Фараби, Абай, Шекспир және қазіргі заманғы медицина» тақырыбында баяндама жасады.

 

Есенбекова А.Е.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың VI халықаралық конференциясының ашылуы

09.04.2019

9 сәуір 2019 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінің Үлкен дәріс залында «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың VI халықаралық конференциясының ашылу салтанаты өтті.

Конференцияның мақсаты студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-тәрбие жұмыстарын ынталандыру болып табылады; шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау; студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруды ынталандыру; біздің заманымыздың ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту.

 

Қайрат Б.Қ.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

Әйелді іздеңдер "Cherchez la femme"

28.03.2019

2019 жылдың 28 наурызында 100 кітап жобасының аясында «5В011300 Биология» мамандығының 2 студенттері М.Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында танымал француз драматургы Клод Маньенің «Әйелді іздеңдер» (Cherchez la femme) атты комедиялық қойылымын тамашалап қайтты. Студенттер актерлердің ойыны мен таңғажайып театр атмосферасынан жағымды эмоция алып қана қоймай, өнер әлеміне қатысты білімдерін кеңейтті.

 

Куратор-эдвайзер: Қайрат Б.Қ.

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Республикалық олимпиадада ҚазҰУ студенттері көшбасшы атанды

28.03.2019

«5B060700 – Биология» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиадаға қатысуға барлығы 15 команда өтініш берді және олимпиадаға командалардың барлығы қатысты. Нәтижесі бойынша, 15 команданың ішінен оқ бой озық шыққан пәндік әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология және биотехнология факультеті, «5В060700-Биология» мамандығының 3 курс қазақ тобының студенттерінен құралған «Bioroyals» командасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің Ι дәрежелі дипломымен марапатталды. Команда жетекшісі: б.ғ.к, доцент Аблайханова Н.Т.

 

Аблайханова Н.Т

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы б.ғ.к, доцент

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Биофизика және биомедицина кафедрасының студенті Орынбасар Лаура Республикалық олимпиадада жүлделі І орынға ие болды

28.03.2019

Биология және биотехнология факультетінде 5В060700 - Биология» мамандығы бойынша ЖОО студенттерінің арасында Республикалық пәндік олимпиада байқауының Нәтижесі бойынша, пәндік олимпиаданың комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің I дәрежелі дипломымен әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология және биотехнология факультеті, «5В060700-Биология» мамандығының 3 курс студенті Орынбасар Лаура Ергенқызы марапатталды Олимпияда жетекшісі: б.ғ.к, доцент Аблайханова Н.Т.

 

Аблайханова Н.Т.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы б.ғ.к, доцент

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Биофизика және биомедицина кафедрасының студенті Хавалхайрат Оразгуль Республикалық олимпиадада жүлделі IІ орынға ие болды

28.03.2019

Биология және биотехнология факультетінде 5В060700 - Биология» мамандығы бойынша ЖОО студенттерінің арасында Республикалық пәндік олимпиада байқауының нәтижесі бойынша, пәндік олимпиаданың комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің ΙΙ дәрежелі дипломымен әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология және биотехнология факультеті, «5В060700-Биология» мамандығының 3 курс студенті Хавалхайрат Оразгул марапатталды. Олимпияда жетекшісі: б.ғ.к, доцент Аблайханова Н.Т.

 

Аблайханова Н.Т.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы б.ғ.к, доцент

 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

«5В060700-Биология» мамандығы бойынша Республикалық олимпиаданың ашылу салтанаты өтті

27.03.2019

2019 жылы 27- наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде «5В060700 - Биология» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының ЖОО студенттерінің арасында Республикалық пәндік олимпиада байқауының ашылу салтанаты өтті.

Биология» мамандығы бойынша пәндік олимпиадаға еліміздің 11 қаласынан, 13 жоғары оқу орындарынан 61 студент қатысты.

 

Есенбекова А.Е.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

Көктемнің шуақты мерекесі - Наурыз қарсаңында ҚазҰУ қалашығы аумағында сенбілік өтті

19.03.2019

Дәстүр бойынша, Наурыз мерекесі қарсаңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биофизика және биомедицина кафедрасының ұжымы бакалавриат студенттерімен бірге ҚазҰУ қалашығының аумағын тазалау бойынша сенбілік өткізді.

Көктем жылы күні оқытушылар мен студенттер сүйікті университет аумағын қоқыстан және жапырақтардан тазалады. Сенбілік-ұжымды жақындастыруға, нығайтуға және біріктіруге ықпал ететін әдістердің бірі. Сонымен қатар, сенбілік оқытушылар мен студенттерге бір-бірін жұмыстан (оқудан) алыс-жақынырақ білуге мүмкіндік береді. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші жалпы мақсатқа жету жолында ұйымшыл ұжым болып жұмыс атқару қажет.

 

© Қайрат Б.Қ. 

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

19.02.2019

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫҢ «ФАРАБИ ӘЛЕМІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

9-10 СӘУІР 2019 ж.

Құрметті студенттер және жас ғалымдар!

Сіздерді 2019 жылдың сәуір айының 9-10 күндерi әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетінде өтетін, студенттер мен жас ғалымдарға арналған «Фараби Әлемі» халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз.Конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар шақырылады.

Сіздерді конференцияда күтеміз!

Ақпараттық хатты мына сілтеме арқылы жүктей аласыздар Farabi Alemi 2019.pdf

 

Қайрат Б.Қ.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы

www.kaznu.kz  

 

Ары қарай оқу >>

Биология мамандығының 1 курс студенттеріне биология мұражайына экскурсия жасалды

14.02.2019

«5В060700 Биология» мамандығы ББ1811-12К топтарының 1-курс студенттері «Рухани жаңғыру» жобасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биологиялық мұражайын тамашалады. Университетіміздегі осындай керемет мұражайды аралаған студенттер білімдерін одан ары толықтырды.

Куратор-эдвайзер: Қожахметова А.Н.

Ары қарай оқу >>