Астанада жоғары оқу орындарының үздік оқытушылары марапатталды

24.02.2023

Көрулер: 690

Астанада жоғары оқу орындарының үздік оқытушыларын марапаттау рәсімі өтті. Байқауда еліміздегі 43 жоғары оқу орнының 150 үздік оқытушысы жеңімпаз атанды.  

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2022» байқауына еліміздің 71 оқу орнынан барлығы 775 үміткер қатысқан болатын. Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен сайыста бірнеше талаптар арқылы оқытушылардың білім және ғылым жолындағы еңбектері бағаланды, атап айтсақ, электронды оқу ресурстарын, оқу құралдары мен материалдарын әзірлеу және жариялау, отандық және халықаралық ғылыми журналдардағы мақалалар және т.б. көрсеткіштер бағаланды. Сондай-ақ, үміткердің оқыту сапасы, болашақ мамандарды даярлау қызметіндегі еңбектері бағаланды.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2022» байқауына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының PhD, аға оқытушы Рахимова Диана Рамазановна және PhD, қауым., проф., Омаров Батырхан Султанович қатысып, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2022» атағына ие болып, төс белгімен марапатталды. Марапаттарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек табыстады.

PhD, аға оқытушы Рахимова Диана Рамазановна және PhD, қауым., проф., Омаров Батырхан Султановичты шын жүректен құттықтаймыз.