Жалпы мәліметтер

Факультетте жоғары білімді мамандарды дайындаумен қатар, рухани бай және Отанын, туған жері мен халқын сүйетін жас ұрпақ тәрбиелеу ісі атқарылады. Студенттер арасындағы тәрбиелеу жұмысы әртүрлі бағыттарда жүргізіледі. Біз жұмысымызда «ҚР білім беру ұйымдарындағы кешенді тәрбиелеу бағдарламасын» және ҚР білім және ғылым Министрлігінің басқа да құжаттарын, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі нұсқаулық құжаттарды басшылыққа аламыз.

Аталған жұмыстарды атқаруда университет әкімшілігі үлкен қолдау көрсетеді, штаттық тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары қызметі бар. Тұрақты түрде студенттік өзін-өзі басқару органдарымен жұмыс жүргізіледі, олардың көмегімен студенттік өмірдің барлық ағымдағы мәселелері шешіледі.

Студенттердің тікелей ықыласымен университеттің тәрбие беру кеңістігінде құрылған кафедраның тәрбиелеу жүйесі тәрбие жұмысының барынша жақсы нәтижелеріне, тәрбиелеу процесінің барлық қатысушыларының мақсаттарына жетуіне толықтай мүмкіндік береді.

Тәрбиенің негізі – мінез-құлықтық тұғыр, оның мәні өзекті қажеттіліктер адамды бағытталған іс-әрекетке итермелейтіндігін мойындауда жатыр.

Тәрбиелеудегі мінез-құлықтық тұғырдың мақсаты студентке өзінің мүмкіндіктерін айқындауда, басқару әдістерінің, мінез-құлықтық ғылымдар тұжырымдарының негізінде шығармашылық қабілеттерін дамытуда көмек көрсету болып табылады.

Тәрбиелеудің практикалық мақсаты – өзгермелі жағдайларға жылдам бейімделуге, басқарушылық шешімдерді қабылдауға қабілетті, белсенді, алға қойған мақсатына жету үшін бар күшін салатын, іскер тұлғаның әрекеттерін қалыптастыру.

Кафедраның оқытушылар ұжымы «Студент тұлғасының рухани-әдепті дамуы, қызметтің әр түрлерінде өз қабілеттерін шыңдау үшін оның танымдық және шығармашылық белсенділігін қалыптастыру» мәселесін шешу жолында да жұмыс атқарады. Кафедра құрамында 22 куратор-эдвайзер жұмыс істейді. Әрбір оқу тобында куратор-эдвайзер тағайындалған, ол студенттерге оқу процесінде, шығармашылық қызметте және күнделікті өмірде көмек береді. Кафедрадағы тәрбие жұмысы бірыңғай оқу-тәрбие үрдісінің бір бөлігі болып табылады.

Тәрбиелеу мақсаттары және тәрбие жұмысының мәселелері оқу процесінде кураторлық сағаттарда және оқудан тыс уақытта жүзеге асырылады.

1. Заманға сай ғылыми көзқарасты және негізгі құндылықтарды меңгеруді қалыптастыру:

* Жеке тұлғаның азаматтық-ұлтжандық құндылықтардың мәні мен маңыздылығын түсінуі мен меншіктеуіне жағдайлар жасау.
* Адам-адам; адам-қоғам; адам-техника; адам-табиғат жүйелерінде іргелі білімдерді қалыптастыру.
* Рухани құндылықтарды қалыптастыру және дамыту.

* Құқықтық білімдер жүйесін қалыптастыру.
* Эстетикалық және этикалық білімдер мен құндылықтар жүйесін қалыптастыру.
* Студенттерде толерантты сана және экстремизмге қарсы әрекет ұстанымдарын қалыптастыру.
* Студенттерде негізгі өмірлік қажеттілік, ең жоғарғы құндылық және өмірлік жетістіктерге жетудің басты тәсілі ретінде еңбек етуге деген қажетсінуді қалыптастыру.

2. Рухани-әдептілік тәрбиесі:

* Рухани-әдептілік білімдер мен құндылықтар жүйесін қалыптастыру және дамыту.
* Оқу, өндірістік және қоғамдық қызметте әдептілік және профессионалдық этика нормаларымен байланысты білімдерді іске асыру.

* Студенттерде дәстүрлік және моральдік құндылықтарды қайта жаңғыртудың негізі ретінде отбасы құруға ұстаным мен редуктивті сананы қалыптастыру.

3. Ұлтжандық тәрбиесі:

* Студент жастарда ұлтжандықты тәрбиелеудің әлеуметтік мәртебесін жоғарылату.
* Ұлтжандық тәрбиесі бойынша ғылыми негізделген ұйымдастырушылық саясат жүргізу.

* Оқыту-тәрбиелеу құрылымдарының шынайы өзара әрекеттесуі негізінде университетте ұлтжандық тәрбиесінің мазмұны, әдістері және технологияларының деңгейін жоғарылату.

4. Денсаулық сақтау ортасы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру:

* Дене шынықтыру мен спортты, салауатты өмір салтын уағыздауды ұйымдастыру, мүмкіндігінше факультетаралық жарыстар өткізу.

* Салауатты өмір салтын уағыздау, маскүнемдікпен, темекі шегумен, нашақорлықпен, «жаман» әдеттермен күресу.

5. Бәсекеге қабілетті қасиеттерді қалыптастыру:

* Студенттердің өзін-өзі жетілдіру мотивациясын жоғарылату.

* Жетістікке, көшбасшылыққа бағдарды қалыптастыру.

* Әлеуметтік белсенді тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру.

Өзін-өзі таныстыру, аргументация, шешім қабылдау, қоғам және тұлға үшін маңызы бар істерді ұйымдастыру дағдылары.

Тәрбие жұмысы №8 жатақханада жүргізіледі, мұнда біздің кафедраның студенттері тұрады. Жатақхананың студенттер кеңесі жатақхана тұрғындары арасында спорттық жарыстарды, мерекелік күндерде кештерді ұйымдастыруға бастамашы болады. Жатақханада жыл сайын «Күз кеші» өткізіледі, мұнда әр қабаттың тұрғындарынан құралған топтар арасында жарыс өткізіледі (бағдарламада: қабырға газеттерінің конкурсы, концерттік нөмірлер, КВН, күздік сән көрсетілімі).

Университет әкімшілігі күнделікті куратор-эдвайзерлердің жұмысы бойынша семинарлар мен тренингтер өткізеді. Жоспарлы кураторлар жиналыстарында студенттердің емтихан сессиясын тапсыруға дайындықтары және нәтижелері, пәндер бойынша қарыздарды өтеуде қатардан қалған студенттерге көмек көрсету мәселелері қозғалады.

Мамандықта бірнеше КВН топтары бар. Факультетаралық КВН топтарының ректор кубогына сайысында біздің мамандықтың студенттері қатысқан факультет командасы 1-ші орынды иеленді (2010 ж.). Теннистен өткен жарыста Қуаныш О. 1-ші орынды иеленді (2013ж.).

Тәрбие жұмысы аясында мәдени-бұқаралық шаралар жүргізіледі (концерттер, шығармашылық кездесулер). Кафедра студенттері мен оқытушылары университеттің 75-жылдығын, Жеңіс Күнінің 65-жылдығын тойлауға белсене қатысты. Механика-математика факультетінде өзінің мәжіліс залы бар, мұнда факультеттің барлық мәдени-бұқаралық және мерекелік шаралары өткізіледі. Университет деңгейінде біздің кафедра келесі шараларды өткізді:

- Атақты драматург жазушы Сұлтанәлі Балғабаевпен кездесу .

- Математик күніне арналған мерекелік концертті үйымдастыру .

- «Германия мен Қазақстанның ғылым мен білім саласында өзара көмек көрсетуі» елшілігінің өкілдерімен кездесу .

- «Еліміздің тәуелсіздігі – халқымыздың ең зор жетістігі» салтанатты кеші.

- «Ірі тұлға-Дәулеткерей Шығайұлы» тақырыбында өткен салтанатты кеш .

- Дүниежүзілік поэзия күніне орай «Даже в Антарктиде есть весна» тақырыбы бойынша ақын Хаким Булибековпен кездесу өтті. Кездесуге орай факультет студенттері арасында шығармашылық байқау өтті .

- Ақын, драматург «Платиналы тарлан» силығының иегері Исраил Сапарбаймен кездесу өтті .

- Наурыз мейрамына орай салтанатты кеш ұйымдастыру, киіз үйді рәсімдеу конкурсы бойынша 1 орынды иемденді .


- Ұландар күніне орай соғыс ардагерлерімен кездесу өткізіліп, салтанатты кеш ұйымдастырылды.

- «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбында Мұхтар Шахановпен кездесу өтті.

Жыл сайын:

- Куратор-эдвайзерлер ҚР тұңғыш президентінің жолдауын студенттерге жеткізіп, топтарда талқылап отырады,

- ҚР тұңғыш президенті күніне орай «Мен жастарға сенемін» атты фестиваліне «Ана тілі – аруы», «Жігіт сұлтаны», «Студенттік көктем» конкурсына студенттер белсене қатысуда,

- «Жасыл кампус» бағдарламасы аясында факультетіміздің 5-ші қабаты гүлдендірілді,

- Калалық сенбіліктерге студенттер белсене қатысуда,

- Куратор-эдвайзерлер жатақханаларға жиі барып, кезекшілік жасау, студенттердің қал - жағдайын білу, сонымен қатар жатақханаларда іс-шаралар ұйымдастырып тұруда,

- Студенттердің бос уақытысында рухани тәрбиелеу мақсатында музейге, таетрға, Салтанат би ансамблінің кешіне бару, әртүрлі мәдени орындарға барып тұр,

- «Студентке ұсынылатын 100 шығарма» жобасы аясында куратор-эдвайзерлер топтарында ғалым-ақын, әйгілі тұлғалардың шығармаларын талқылау дәстүрлі шара.

Факультет аралық әскери-патриоттық әндер конкурсының қорытындысы бойынша мамандық студенті бірінші орын алды, «Ана тілі аруы-2009» конкурсында бірінші орын, «Студенческая весна-2010» байқауында хор номинациясында екінші орын иегері атанды.

Факультетте ұйымдастырылған куратор-эдвайзерлер конкурсының жеңімпазы:

- Ең үздік куратор-эдвайзер (Бекетова А.К. - 1 орын),

- Екі жұлдыз байқауы .

Келесі тақырыптар бойынша дөңгелек үстелдер өткізілді: «Коррупция глазами студентов», «Король казахского вальса – Шәмші ата», «Развитие молодежного предпринимательства», «Заңдардың заңы - Ата заң» , «Тіл - достықтың кепілі», «Жастар тәрбиесіндегі отбасының және қоғамның ролі» және т.б.

Сонымен қатар, факультетте келесі іс-шаралар өткізілді: Халықаралық әйелдер күні – 8 Наурыз мерекесіне арналған «Милым, дорогим, родным!» құттықтау концерті, «Мисс и мистер Мех-Мат» конкурсы, ҚР Тәуелсіздік күніне арналған концерт, «Ұстаз-шыңға біткен ұлы шынар!». Халықаралық студенттер күніне орай №8 жатақханада конкурс өткізілді.

Студенттерді білімге, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында Нарғозы Тұрсынбайұлы Данаевпен 1 курс студенттері арасында кездесу өткізілді.