Халықаралық ынтымақтастық

2008 жылдан бастап кафедрада Cisco жергілікті желі академиясы жұмыс жасайды. Аталмыш академияда төмендегі оқу курстары бойынша ІТ мамандар дайындалады:

  • «Ақпарттық технологиялардың негізі» (IT Fundamentals);
  • CCNA (Cisco Certified Network Associate );
  • Discо

Бағдарламаның басты мақсаты, студенттерге кез келген уақытта, кез келген жерде және оқу үрдісінің темпін ерікті түрде таңдай отырып оқуға мүмкіндік беретін кешенді оқыту ортасын қалыптастыру.

Бағдарламада тесттен өту, студенттің үлгерімін тексеру және практикалық лабораториялық сабақтар онлайн түрінде жүргізіледі. Сонымен қатар академия студенттерді халықаралық деңгейдегі сертификат алуға дайындайды.

Аймақтық академияда алты нұсқаушы жұмыс жасайды: Джомартова Ш.А., Джусупова Г.Г., Сапакова С.З., Рахимова Д.Р., Раева К.Т., Велавичене А.Е.

Кафедра ҚР келесi министрлiктермен, мекемелердің ғылыми ұйымдарымен байланысы бар:

1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылым комитетi - жобаларды орындау.

2. Қазақстан Республикасы экономика министрлiгiнiң санақ агенттiгі - байланыс түзулерi туралы келiсiм шарт. Мамандарды әзiрлеу, өндiрiстiк тәжiрибенi өту.

3. Қазақстан Республикасы экономика министрлiгiнiң экономикалық зерттеулер институты - байланыс түзулерi туралы келiсiм шарт. Мамандарды әзiрлеу, 4 курс студенттерiнiң өндiрiстiк тәжiрибенi өту.

4. Шығыс - Қазақстан Мемлекеттiк университеті - "Информатика" және "Математика" мамандығы бойынша магистерлiк диссертацияларды басқару (проф. А.Е.Дүйсембаев).

5. Қарағанды Мемлекеттiк Техникалық университетi - TEMPUS ERAMIS жобаға қатысу.

6. Инновациялық Еуразия университетi - TEMPUS ERAMIS жобаға қатысу.

7. Қазақстан Республикас ғылымдар академияның Математика және механика институты.