Халықаралық жобалар

Erasmus+ CLASS «Орталық Азия университеттерінде есептеуіш лингвистика бойынша пәнаралық магистрлік бағдарламаны құру»

14.05.2018

 

ErasmusCLASS 

«Орталық Азия университеттерінде есептеуіш лингвистика бойынша пәнаралық магистрлік бағдарламаны құру» 

№ 585845-ЕРР-1-2017-1-ES -EPPKA2-CBHE-JP-CLASS

 

 

Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 15 қазан, 2017 ж. – 14 қазан 2020 ж. (14 сәуір 2021 ж. дейін ұзартылды)

 

Жобаның мақсаты: лингвистикалық білімі және есептеу ғылымдары бойынша базалық білімі бар магистранттарға   арналған есептеуіш лингвистика бағытындағы магистратура бағдарламасын жасау және де Қазақстан мен Өзбекстан университеттерінің бастамасы аясында мамандандырылған курстарда аралас оқыту технологияларын енгізу.

 

Жоба міндеттері:

  • қолданыстағы білім беру бағдарламаларын мұқият талдау негізінде, Орталық Азияның 7 университетінде есептеуіш лингвистика бағытындағы пәнаралық магистратура бағдарламасын жасау және енгізу;
  • оқу мүмкіндіктерін жақсарту және жоғары білімді демократияландыру үшін компьютерлік лингвистика магистрлік бағдарламасы арқылы аралас оқыту технологиясын Орталық Азия университеттеріне енгізу;
  • қазақ және өзбек тілдеріндегі мәтіндерді толық қолдайтын және өндеуге арналған құралдарын әзірлеу.

 

Жоба серіктестері:

  • Сантьяго-де-Компостела Университеті, Испания – жоба координаторы
  • Корунья Университеті, Испания
  • Батыс Аттика Университеті (Афинадағы Технологиялық білім беру институты), Греция
  • Порто Университеті, Португалия
  • Адам Мицкевич Университеті, Познань, Польша
  • Ургенч мемлекеттік университеті, Өзбекстан
  • Самарқанд мемлекеттік шет тілдері институты, Өзбекстан
  • Ташкент мемлекеттік өзбек тілі және әдебиет университеті, Өзбекстан
  • Өзбекстан ұлттық университеті
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті , Қазақстан
  • А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қазақстан
  • Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті, Қазақстан

 

Ары қарай оқу >>