Жаңалықтар

т.ғ.д., проф. Тукеев У.А. ФГСН ҒЗИ ғылыми-әдістемелік семинарының кезекті отырысында "Вычислительные модели морфологии тюркских языков на основе полных систем окончаний" тақырыбында баяндама жасады

17.03.2021

2021 жылдың 17 наурызында сағат 10.00-де (Мәскеу қаласы бойынша) РУДН-да Zoom платформасында "Языковой аспект интеграции и самоидентификации в современном мире" атты тұрақты жұмыс істейтін ғылыми-әдістемелік семинарының кезекті отырысы өтеді. ҚазҰУ-дың Ақпараттық технологиялар факультетінің Ақпараттық жүйелер кафедрасы, т.ғ.д., проф. Тукеев У.А. "Вычислительные модели морфологии тюркских языков на основе полных систем окончаний" тақырыбында баяндама жасайды.

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Ары қарай оқу >>

Шетелдік магистрант Хамида Мохаммадидің пікірі. Ақпараттық жүйелер кафедрасы

12.03.2021

Мен Ауғанстаннан келген Хамида Мохаммадимін және дәл қазір ақпараттық технологиялар факультеті мен ақпараттық жүйе кафедрасының магистратурасының үшінші семестрін оқып жатырмын.
Қазақ ұлттық университеті әл-Фараби-ҚР ірі университеттерінің бірі және Орталық Азияның үздік университеті және ғылым мен жоғары білім беруде ерекше орын алады. Сондай-ақ университетте Студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Олардың спортпен шұғылдануға, демалуға, рухани және шығармашылық дамуға, ең бастысы заманауи талаптарға сәйкес білім алуға мүмкіндігі бар.Шынымды айтсам, мен қазақстандық үкіметке және арнайы Болон процесінен ҚазҰУ-да оқуға мүмкіндік бергені үшін өте ризамын.Қазақстанның үздік университетінде оқығанымды мақтан тұтамын. Барлық оқытушылар құрамына шын жүректен үлкен кәсіби жетістіктер, шығармашылық идеяларды жүзеге асыруды тілеймін! Біздің факультеттің студенттері оқуда жетістікке жетеді және осы мақсатқа қол жеткізеді! Ия, және одан әрі табысты даму университеті!

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Ары қарай оқу >>

«Мен таңдаған мамандық» тақырыбында өткізілген ашық кураторлық сағат.

03.03.2021

АЖ-17-6 тобының студенттеріне мамандақ әлемінде өзін-өзі тани білуіне, дүниетанымын кеңейтуіне үлес қосу және қоғам алдындағы үлкен жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында кураторлық сағат өтті. Студенттермен мамандықты дұрыс таңдау жайлы және қазіргі таңдағы отандық IT саласының дамуы жайлы сөз қозғалды. IT – еңбек нарығындағы қоғамға қажетті және үлкен сұранысқа ие қызметтер жайлы, және осы қызметтерге қажетті білім мен білік туралы мәліметтер айтылды. Кураторлық сағат Максутова Шынар Усеровна және АЖ мамандығының магистранты Карипбаева Назеркенің жетекшілігімен жүргізілді.

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Ары қарай оқу >>

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз» – атты тәрбиелік ашық кураторлық сағат өткізілді

01.03.2021

«Ақпараттық жүйелер» мамандығының АЖ-20-1 тобының және куратор-эдвайзер Г.И. Ақшолақтың ұйымдастырумен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз» – атты  тәрбиелік ашық кураторлық сағат өткізілді. Ашық кураторлық сағат топ эвайзері Г.И. Ақшолақтың құттықтау сөзімен басталды. Одан әрі студенттер өздерінің дайындаған өлең жолдарың оқып, кафедра оқытушылары мен топ қыздарына арналған құттықтауларын жеткізді. Ашық тәрбиелік кураторлық сағат соңыда топ студенті Ғинаят Нұрсәт Нұрболатұлы Құрманғазының «Балбырауын» күйі орындады.

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Ары қарай оқу >>

«Кибербуллинг және ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстар» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді

26.02.2021

ИС-18 тобының кураторы (орыс бөлімшесі) «Кибербуллинг және ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстар» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. «Заң» қоғамдық қорынан психолог пен заңгер шақырылды. Студенттерге әлеуметтік желілердегі қылмыстар туралы, сондай-ақ киберқылмыс саласындағы заңды бұзушылықтар туралы мазмұнды ақпарат ұсынылды.

Ары қарай оқу >>