Жаңалықтар

«Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбында ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ашық кураторлық сағат

14.04.2021

Іс-шараның мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік үшін күрес жолы туралы жастарды толық хабардар ету.

Іс-шара ұйымдастырушылары: «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 3 курс, АЖ-18-3 тобының студенттері және топ куратор-эдвайзері Абдрахманова М.Б.

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз, доктор Хайдер Аббас

10.04.2021

Біз #NUST әскери сигналдар колледжінің #MCS ғылыми-зерттеу және дамыту бөлімінің бастығы доктор Хайдер Аббастың IEEE электр инженерлері институтының үздік халықаралық журналдар редакторының орынбасары болып қайта тағайындалғанын өте мақтанышпен хабарлаймыз.

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Ары қарай оқу >>

Алматы қалалық дін істері басқармасы ұсынған «Дәстүр және дін» жобасының аясында әзірленген бейнематериалдармен танысуға және талқылауға арналған кураторлық сағат

03.04.2021

АЖ-18-3 тобының кураторлық сағаты аясында студенттер Алматы қалалық дін істері басқармасы ұсынған «Дәстүр және дін» жобасының аясында әзірленген бейнематериалдарымен танысты. Бейнематериалдардың тақырыптары: «Деструктивті ағымдардан сақ болыңыз!», «Жат ағымға қалай қарсы тұруға болады?», «»Қобыз бен домбыраның қасиеті жайында», «Эксремизм. Война за души и умы». Бейнематериалдар мазмұнына сәйкес деструктивті ағымдарды қалай анықтауға болады және мұндай ағымдар өкілдерінің үгіттеулеріне қарсы тұру үшін адам бойындағы қандай мінездерден арылу керектігі талқыланды.

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Ары қарай оқу >>

«Қош келдің, әз-Наурыз» атты рухани құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыпымызды дәріптеуге арналған танымдық-тәрбиелік іс-шара өткізілді

20.03.2021

20.03.2020 ж. «Ақпараттық жүйелер» мамандығының АЖ-20-1 тобының және куратор-эдвайзер Г.И. Ақшолақтың ұйымдастырумен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, әз-Наурыз» атты рухани құндылықтарымызды, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыпымызды дәріптеуге арналған танымдық-тәрбиелік іс-шара өткізілді. Бұл іс-шара барысында Дәлеткерейдің «Көреғұлы», Н. Тілендиевтің «Аққу» күйлері орындалды. Студенттер Қыдыр ата, Алдар көсе және Тазша бала образдарын сомдап шағын көрініс ұйымдастырды. Студенттер мен іс-шараға қатысқан қонақтар арасында қазақ халқының салт-дәстүріне, ұлттық ойындар мен киімдеріне қатысты ойындар ойнатылды. Ұлттық тағам түрлері және олардың жасалу жолдары көрсетілді. Іс-шара соңында кеш қонағы Ақпараттық жүйелер кафедрасының аға оқытушысы Болат Кусаинович сөз сөйлеп, бата берді.

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Ары қарай оқу >>

"Вычислительные модели морфологии тюркских языков на основе полных систем окончаний" тақырыбына РУДН ФГСН шет тілдер кафедрасының кафедралық ғылыми-әдістемелік семинарын өткізуге қатысқаны туралы куәлік

18.03.2021

Ақпараттық технологиялар факультеті, Ақпараттық жүйелер кафедрасының т.ғ.д., профессоры Тукеев Уалшер Ануарбекович "Вычислительные модели морфологии тюркских языков на основе полных систем окончаний" тақырыбында РХДУ ФГСН шет тілдер кафедрасының кафедралық ғылыми-әдістемелік семинарын өткізуге қатысты

Ары қарай оқу >>