Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан: медициналық көмекті көрсетумен байланысты жұқпалармен күрес;
Көрулер: 3570
Дөңгелек үстелге жиналған қатысушылар С.М. Киров атындағы Әскери медициналық академиясының визитинг профессоры Е.Н. Колосовскаяның тарапынан даярланған «Антибактериалды төзімділікті ұстап тұру саясатының аумағында Ресей Федерациясының ЕПМ микробиологиялық бақылау жүйесін енгізу тәжірибесі» тақырыбындағы презентациясын аса ыждаһаттылықпен тыңдады. Профессордың бұл саладағы зор тәжірибесіне орай тағайындалып ұсынылған бұл презентацияда медициналық көмек көрсетумен байланысты жұқпалармен күресу бойынша барлық тәжірибе жан жақты қамтылғандығы белгілі болды. Колосовская Е.Н., 10 жылдан астам уақыттай Санкт-Петербург қалалық денсаулық сақтау басқармасын басқарған, РФ нормативтік құжаттары мен стандарттарын дайындауға қатысқан. Сонымен бірге медициналық көмек көрсетумен байланысты жұқпаларды эпидемиологиялық бақылау бойынша әдістемелік нұсқаларды дайындаған тәжірибелі қызметкер маман.
Қатысып отырған ғалым дәрігерлердің ең жоғары қызығушылығы WHO NET халықаралық компьютерлік бағдарламаның бактериалды штаммдардың антибиотикке төзімділігін бақылау бойынша мәліметтері мен оны эпидемиологиялық зерттеу жұмыс барысында қолдануы болды. Медициналық көмекті көрсетумен байланысты туындаған жұқпалар жағдайларын тексерудің мүмкін еместігі жөнінде С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰУ клиникалық жұмыстар бойынша департаментінің директоры А.В. Балмұқанова, ҚазҰМУ балалар жұқпасы кафедрасының меңгерушісі профессор А.К. Қатарбаев, ҚазҰМУ акушерлік және гинекология курсының доценті Б.Н. Бищекова, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің гигиена, эпидемиология және микробиология кафедрасының меңгерушісі, М.А. Баймуратова, доцент Р.А. Тьесова-Бердалина өз пікірлерін білдірді. Қазақстан республикасының хирургиялық, терапиялық, жұқпалы саладағы стационарларда жұмыс істейтін әл- Фараби атындағы ҚазҰУ-нің өткізген «Жұқпаны бақылаудың өзекті мәселелері» тақырыбында біліктілігін жоғарылату циклына келген мамандар МККБЖ бойынша жағдайлармен бөлісті.
Қазақстан бойынша МККБЖ бойынша жалпы жағдайды бағалау түгелдей алғанда қазақстан республикасының тұтынушылар құқығын қорғау бойынша комитеттің санитарлық эпидемиологиялық сараптаманың ғылыми тәжірибелік орталығының жұқпаны бақылау және дезинфектология басқармасының басшысы, м.ғ.к., жоғары санаттағы дәрігер толықтай бағалап мәліметін берді.
Оның тарапынан ҚР және РФ бойынша МККБЖ күресу мәселелері бойынша әдістемелік амалдар, жұқпаны бақылау жүйелері, нормативтік құжаттардың ұқсастығын атап өтті, ЮНИСЕФ, ДДҰ, CDC, сарапшыларының қатысуымен ұлттық эксперттер тарапынан тағайындалған «денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық жабдықтармен байланысты жұқпалардың алдын алу» деген тақырыптағы дәрігерлерге арналған оқыту курсы презентацияланды.
Әзірбайжанның денсаулық сақтау саласының бағыттылығы жөнінде Әзірбапйжанның медициналық ассосациясының Президенті халықаралық стандарттарға Нариман сафарли хабарлама берді. МККБЖ күресу маңыздылығы Әзірбайжан елінің ЕПМ жұқпаны бақылау бойынша ЕПМ басқарма орыньбасарларының қызметтерінің енгізілуімен белгіленген.
Дөңгелек үстелдің қорытындысында қатысушылар тақылаудың өнімділігін жәе мамандар тарапынан өзара пайдалы ақпараттарды алмастыру жүзеге асырылды. Сонымен бірге, осы мәселені, тұрғындарға медициналық көмек көрсету сапасын жоғарылату және медициналық көмек көрсетумен туындаған жұқпалардың алдын алу, жұқпаны бақылаудың жүйесін жетілдіру бойынша, мәселені одан ары қарай өрбіту барысында келесі ретте кездесу қажеттілігі белгілі болды. Дөңгелек үстел ұйымдастырушылары ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ эпидемиология және гигиена кафедрасы сөз алды.






