Студенттік белсенділік

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғ. Мұтанов «Қайырымды Қазақстан» бағдарламасы аясында, игі істер жасауға үндеу тастады.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, медицина және денсаулық сақтау факультеті, эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасы, «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 2 курс докторанттары және магистранттарының ұйымдастыруымен, 24 қазанда «Сәлем, алтын күз!» атты іс-шара ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шара, онкология және радиология Қазақ ғылыми-зерттеу институтының балалар бөлімінде, педагогикалық тәжірибе алу аясында педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.С.Магауова және PhD  Г.Д. Кузиеваның қатысуымен өткізілді. Балалардың көңіл-күйі көтеріліп, жағымды әсер алды. Онкология және радиология Қазақ ғылыми-зерттеу институтының, балалар бөлімінің басшыларына мерекелік шараның өткізілуіне ат салысқандары және берген көмектері үшін алғыс айтамыз!


 
   

 

 

 

 

Медицина және денсаулық сақтау  факультетінінің Ауғаныстан елінен келген 2019-2020 оқу жылында медицина мамандығы бойынша оқуға түскен 1 курс магистранттары топ кураторлары Сақтапов Ақылбек Кеңесович, Кузиева Гульмира Дильмуратовна, Раушанова Айжан Муратовна  ұйымдастыруымен ҚазҰУ қалашығына  Кампус-саяхатын өткізді. Білім алушы магистранттар  университеттің кітапханасына, кітапхана мұражайына және "Керемет" студенттерге қызмет көрсету орталығына барды.

 

 

 

 

 

Медицина және  денсаулық сақтау факультетінінің  2019-2020 оқу жылындағы Ауғаныстан елінен келген  медицина мамандығының 1 курс магистранттары  Алматы  қаласының  табиғаты әсем жерлерін, атап айтқанда Үлкен Алматы көліне, Аю сай су құламасына  осы топтың кураторлары Ақылбек Сақтапов  пен Гүлшара Асылбайқызының ұйымдастыруымен барып қайтты.  табиғаты көрікті жерлерден алған әсерлері  тамаша болды.  Алматы қаласының әсем  жерлерін шет елдік  білім алушыларға  таныстыру, Қазақстанның қонақжайлы екендігін білдіреді.

   

 

 

 

Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-дың медицина және денсаулық сақтау факультетінің эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының PhD докторанттары мен ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттарында педагогикалық тәжірибе өөтуде, ол білім алушылардың теориялық дайындығының барлық түрлерінің аяқталуы болып табылады. Жоғары оқу орнының педагогикалық практикасының негізгі мақсаты жоғары мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың заманауи технологиясын меңгерген және оның білім беру саласындағы инновациялық қызметке дайындығын жоғары деңгейлі гуманитарлық мәдениетті педагог-зерттеуші тұлғасын қалыптастыру.

 
   
   
   

 

"Қазақстан халқының Тілдер күні"кураторлық сағаты. 

Доцент м. а. Г. Д. Кузиева әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультетінің 2-курс студенттері арасында "Қазақстан халқы тілдері күні" тақырыбында кураторлық сағат өткізді.