Академиялық мобильділік және сынақ мерзімін өткізу

Абу Али ибн Сино атындағы Бухара мемлекеттік медициналық институтымен академиялық келісім

11.01.2020

 Абу Али ибн Сино  атындағы Бухара мемлекеттік медициналық институтының  ректоры  А.Ш.Иноятовтың  хатына сәйкес (кіріс хаты № 4085т 27.11.2019ж.) академиялық ұтқырлық бағдарламасының аясында "Денсаулық сақтауды ұйымдастыру және гигиена" кафедрасының  аға оқытушысы Манасова Изимгуль Сердановна дәріс оқуға  қабылданды.

И С Манасованы дәріс оқуға қабылдау туралы (28790

Ары қарай оқу >>

Оңтүстік Кореяның Сеул қаласындағы Йонсе (Ёнсе) Университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

24.03.2018

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина факультеті-ҚДСЖМ биомедициналық статистика және дәлелді медицина кафедрасы 2018 жылдың 24 наурызынан бастап 2-сәуіріне дейін «6M110200-Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистранттарға арналған «Severance-KZ» Халықаралық медицина қорының» қолдауымен ғылыми-тәжірибелік тағылымдама ұйымдастырды. Ғылыми тағылымдама «Ауруханалық менеджмент» тақырыбында Оңтүстік Кореяның Йонсе университетінде өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша эпидемиология және гигиена кафедрасының медицина факультетінің студенттері 2015 жылдың 24 наурызында Сеулде, Оңтүстік Кореядағы Gangam Severance Hospital клиникасында «Ауруханалық менеджмент» мамандығы бойынша ғылыми стажировкада

24.03.2018

«Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша эпидемиология және гигиена кафедрасының медицина факультетінің студенттері 2015 жылдың 24 наурызында Сеулде, Оңтүстік Кореядағы Gangam Severance Hospital клиникасында «Ауруханалық менеджмент» мамандығы бойынша ғылыми стажировкадан өтті.

Северанс Клиникасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің медицина факультетінің серіктесі болып табылады, еліміздің денсаулығы үшін кадрларды даярлауға белсене қатысады.

Тағылымдама бағдарламасы магистранттарға магистрлік диссертация тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулерді аяқтауға дайындық жұмыстары ретінде арналған. Тәжірибенің негізінде зерттеу тақырыбымен және, аналитикалық қорытындымен, тұжырымдармен, диссертация тақырыбы бойынша ұсыныстармен таныстыру үшін арналған.

Ары қарай оқу >>

2017 ж сәуір. Мәскеу қаласында магистранттардың өткен тағылымдамасы

20.03.2018

2017 жылдың 20-31 наурыз аралығында  медико-профилактикалық іс мамандығы бойынша  ғылыми педагогикалық  магистратурасының 2 курс магистранты Смағұлова Гүлсім Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен  мәскеу мемлекеттік университетінінің  арасындағы келісім шарт аясында 

Ары қарай оқу >>

«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистранттардың М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде өткен ғылыми тағылымдамасы.

13.03.2018

Биомедстатистика және дәлелді медицина кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина факультеті-ҚДСЖМ «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының магистранттарына 2018 ж 13-23-наурыз аралығында ғылыми тағылымдама (стажировка) ұйымдастырды. Тағылымдама М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің іргелі медицина факультетінің базасында, «Медицина саласындағы ғылыми зерттеулер» бағдарламасы бойынша өтті. Барлығы 11 магистрант білім алды.

Ары қарай оқу >>

«Оқу үрдісін ғылыми ұйымдастыру» семинары

06.12.2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина факультетінің биомедициналық статистика және дәлелді медицина кафедрасы 2017 жылғы 6-15 желтоқсан аралығында ғылыми қызметкерлер, профессорлық-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар, тұрғындар үшін «Оқу үдерісін ғылыми ұйымдастыру» тақырыбында семинар өткізеді.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің медициналық факультетінің биостатистика және дәлелді медицина кафедрасы 2017 жылдың 24-25 қарашасы аралығында «Медицина мен денсаулық сақтаудағы ғылыми зерттеулердің әдістемесі» тақырыбында клиникалық мамандықтар бойынша дәрігерлер мен студенттерге арналған күз

24.11.2017

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің медициналық факультетінің биостатистика және дәлелді медицина кафедрасы 2017 жылдың 24-25 қарашасы аралығында «Медицина мен денсаулық сақтаудағы ғылыми зерттеулердің әдістемесі» тақырыбында клиникалық мамандықтар бойынша дәрігерлер мен студенттерге арналған күзгі мектеп өткізді. Күзгі мектептің бағдарламасы клиникалық тәжірибеде дәлелді медицинаның өзекті мәселелерін, этикалық нормалардың халықаралық стандарттарын және ғылыми зерттеулердің сапасын, медицина статистикасының маңыздылығын қамтыды.

Ары қарай оқу >>