ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ 1150-ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН БАСТАУДЫҢ РЕСМИ РӘСІМІ

ҚазҰУ студенттер сарайында әл Фарабидің 1150-жылдық мерейтойына байланысты салтанатты ресми ашылу рәсімі болды. Салтанатты кеште  ҚР мемлекеттік хатшысы Г. Көшербаев,  қала әкімі Б. Сағынтаев, сонымен бірге  мемлекет және қоғам қайраткерлері,  БҰҰ,  ЮНЕСКО, ИЫҰ, ТҮРКСОЙ және халықаралық ұйымдардың  ҚР -дағы дипломатиялық миссия  өкілдері, ЖОО ректорлары, ғылыми орталықтар мен ҒЗИ жетекшілері, шетелдік және отандық фараби танушылары қатысты. Салтанатты шара алдында қонақтар әл-Фараби  ескерткішіне тағзым жасап, гүл шоқтарын қойды.