БЕЙНЕ БӘЙГЕ "БІЗДІҢ ТАҢДАУЫМЫЗ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ!"

БЕЙНЕБӘЙГЕ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

 

1. ЖАЛПЫ  ЕРЕЖЕ

1.1. Осы ЕРЕЖЕ  «Біздің таңдауымыз Салауатты өмір салты» бәйгесінің  Қазақстан Республикасының оқу  орындарында студенттер арасында жүргізілетін   бейнеролик бәйгесінің статусын, жүргізілу тәртібін және қатысушыларға  қояр талабын белгілейді.  (Бұдан әрі қарай Бәйге)  бейнероликті  бәйгеге  қатыстыру,  бәйгенің өткізілу мерзімі, жұмысқа қойылатын талаптар,  оны таңдаудағы көрсеткіштер, қорытынды шығару шарттары бәйгелік іс шаралар аяқталғанға дейін  өз күшін жоймайды.

1.2. Бәйгені ұйымдастырушылар  «Тірегі сендер елімнің» тақырыбындағы фестиваль аясындағы Бірінші Елбасы Қорының қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медицина және денсаулық сақтау факультеті болып табылады. Бәйгенің әділқазы алқасы  бәйгені ұйымдастырушылар тарапынан тағайындалады.

 

2. БӘЙГЕНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Мақсаты-  салауатты өмір сүру салтын насихаттау және аурулардың алдын алу, сонымен бірге Интернет әлеуметтік  танымал платформасында  тұрғындар мен жастар арасында мемлекеттік тілді қолдау және оны кеңінен насихаттау болып табылады.

2.2. Бәйгенің міндеттері:

• Тұрғындарды, сонымен қатар жас буын ұрпақтарымыз бен жастарымызды   сау, салауатты  өмір сүру салтының басым артықшылығы  жөнінде ақпарат беру;

• жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны көрсету үшін  жағдайлар туғызу;

•  авторлық ұстаным мен бағыт, әлемге  авторлық көзқараспен қарау және оны қалыптастыруға ықпал ету;

• жасөспірімдік ортада  теріс зиянды әсерлердің біріншілік алдын алу формалары мен әдістерін  түрлендіру;

• шылым шегу, алкогольды ішімдіктер  мен  аддиктивті  мінез-құлықты туындататын  басқа да заттарды пайдалануға қоғамның теріс  пікірі мен көзқарасын қалыптастыру;

• мемлекеттік тілді құрметтеуге және оны білуге қызығушылықтарын ояту және бойына сіңіру;

 

 

3. БӘЙГЕГЕ ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

3.1. Қазақстан Республикасының оқу орындарында  студенттер  бәйгенің шарттарына  сәйкес барлық құжаттарын тапсырған соң қатыса алады;

3.2 Бәйгеге  қатысу үшін, бәйге мақсаты мен міндеттеріне сәйкес,  әлеуметтік мәні бар «Біздің таңдауымыз Салауатты өмір салты» ұранымен өз денсаулығына жауапкершілікпен  қарауды қалыптастыру бойынша  бейнероликті дайындау қажет.  Жұмысты  бейне түсірілімді жасайтын кез-елген құрал арқылы іске асыруға болады  атап айтқанда бейнекамера, санды фотоаппарат немесе ұялы телефон және т.б.

3.3. Бәйгеге 2020 жылдың 20-ншы ақпанынан бастап 7-нші сәуірге  дейін  қатысуға болады. Бұл уақытта Instagram парақшасына   #БіздіңтаңдауымызСалауаттыӨмірсалты #әлФарабиатындағыҚазҰУ #ҚазҰУМедфак #БіріншіЕлбасыҚоры деген хештегтермен белгілеп, өтінім мен бәйгелік бейнероликті  ұйымдастырушылардың мекен-жайына,  Zozh2020@yandex.kz  электронды поштасына «Біздің таңдауымыз Салауатты Өмір Салты деп белгілеп жіберу қажет.

3.4. Бәйгеге қатысу үшін қажет құжаттар топтамасы:

• автор жөніндегі ақпарат (Ф.А.Ә., оқу орны, телефон нөмірі)

• бейнеролик.

3.5.   Бәйгеге қатысуға өтініш  беру,  бәйгелік бейнероликті жіберу  бәйгені жүргізілу шарттарына сәйкес, қатысушының  толыққанды келіскендігін білдіреді.

 

 

4. БӘЙГЕЛІК ЖҰМЫСТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

4.1. «Әлеуметтік ролик» түсінігінде  бәйгені ұйымдастырушылар  жалпы қоғамның назарын жағымды, жинақы, түсінікті және бейімделген түрде   әлеуметтік жағынан өзекті және маңызды тақырыптар мен міндеттемелерге бағыттау деп түсінеді. Бейнероликтің мазмұны  бәйгенің тақырыбына дәл сәйкес келуі қажет.  Ролик сценарийі мәселеге  тіреліп қалмауы крек, керісінше  оны шешудің оңтайлы  жолын көрсетуі қажет. Бәйгелік жұмыс  өмірлік  мән-мағынасы бар сипатта болуы тиіс.  Әлеуметтік роликтің мәтіні  қысқа, жинақы, бірегей болуы қажет.

4.2. Бейнероликтің   үлгісі: MOV, MPEG, MPG, WMV, WEBM, M4V, FLV, MKV, 3GP, AVI, MP4, 500 Мб мөлшеріне дейін. 

4.3. Роликтің ұзақтығы 2 минуттан аспауы керек.

4.4. Ролик жазылған файлдың атауында  білім беру мекемесінің атауы, автордың Ф.А.Ә.,  бәйгелік жұмыстың атауы жазылуы тиіс.

4.5. Бәйгеге беріліп отырған жұмыс оның мазмұны, көрінісі, сахналық тұлғалар мен кейіпкерлердің іс әрекеттері  бәйгенің тақырыбына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болуы қажет.

4.6. Бәйгеге берілетін жұмыста мыналар болмауы тиіс:

• шындыққа жанаспайтын мәліметтер;

• Авторлардың  есімдері, мекен-жайлары мен телефондарының көрсетілуі, діни қозғалыстар жөніндегі ақпараттар, сонымен бірге діни  белгілер,  тауарлардың  нақты маркасы жөнінде  көрсету мен оны айту, қызмет  көрсету белгілерін, тауарлық белгілерді айту және оны көрсетуге тиым салынады,   мемлекеттік үкімет органдар жөнінде,  басқа да мемлекеттік органдар, жергілікті өзіндік басқару органдарынан басқа,   мемлекетке қарсы және  АтаЗаңға қарсы мағынадағы  саяси қайраткерлер және көшбасшылар, партиялар, саяси лозунгтер болмауы керек;

4.7. Егер, жіберілген жұмыс  осы Ережеге сәйкес келмеген жағдайда  ұйымдастырушылар қабылдамауға құқылы.

 

5.  БӘЙГЕНІҢ ЖҮРГІЗІЛУ ТӘРТІБІ МЕН МЕРЗІМІ

5.1.   Жүргізілу тәртібі мен уақытын ұйымдастырушылар  белгілейді.

5.2.   «Біздің таңдауымыз салауатты Өмір салты!» бейнеролигінің бәйгесі  2020 жылдың 20-ншы ақпанынан бастап 7-нші сәуірге дейін жалғасын табады..

•  2020 жылдың 20-ншы ақпанынан – 1 сәуірге дейін  – бәйгеге қатысу үшін өтінім мен бейнероликті  Zozh2020@yandex.kz поштасына жіберу

•  2020 жылдың 2 -6 сәуіріне дейін –Бәйге әділқазыларының жұмысы жүзеге асырылады.

2020 жылдың 7 сәуірі –Бәйгені қорытындылап, жеңімпаздарды анықтап, сондай ақ марапаттары табысталады.

 

6.   БӘЙГЕ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ, ӘДІЛҚАЗЫЛАР ТАРАПЫНАН ЖҰМЫСТЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ.

6.1. Жұмысты бағалау үшін ұйымдастырушы комитет әділқазылар алқасын тағайындайды, әділқазылар алқасы бейнеролик бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

6.2. Жеңімпаздар Бірінші Елбасы Қорының құнды және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

 

6.3. Әділқазылар әрбір көрсеткішті бес баллдық шкаламен анықтайды:

•  мазмұны мен рәсімдеуі бойынша  аталған талаптарға сәйкес келуін;

• операторлық түсірілім,  бейне, дыбыс, осыған сәйке музыканың дұрыс таңдалу сапасына көңіл аударады;

• ақпараттық толыққандылық (тақырыптың толық ашылуы, бәйгенің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келуі, өмірлік  мәні бар сипатта болуы тиіс)

•    көрермендерге  эмоционалдық тұрғыдан әсер ете отырып, жүрегіне жол таба білуі тиіс;

•   материал төл нұсқалы, бірегей және жаңашылдыққа толы болуы керек;

• бейнемонтаж сапасы (музыка мен  бейне көрініс,  бейненің  алмасуы, бейнеқатардың  бірегей болуы).

 

7. ҚОРЫТЫНДЫ  ЕРЕЖЕ

7.1. Бәйгеге жіберіліп отырған бейнеролик  кері қайтарылмайды, пікірге алынбайды және ұйымдастырушылардың құзырында қалады.

7.2. Бәйгенің ұйымдастырушылары   авторлық құқық жөніндегі заңнамада қарастырылған тәртіпте  коммерциялық емес мақсатта қолдануға құқылы.

7.3. Ұйымдастыру жөніндегі сұрақтар бойынша  хабарласуға болады 8 747 4367447, эл.пошта  – zozh2020@yandex.kz