«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистранттардың М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде өткен ғылыми тағылымдамасы.

13.03.2018

Көрулер: 4397

           Биомедстатистика және дәлелді медицина кафедрасы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина факультеті-ҚДСЖМ «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының магистранттарына 2018 ж 13-23-наурыз аралығында ғылыми тағылымдама (стажировка) ұйымдастырды. Тағылымдама М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің іргелі медицина факультетінің базасында, «Медицина саласындағы ғылыми зерттеулер» бағдарламасы бойынша өтті. Барлығы 11 магистрант білім алды.

         Тағылымдама бағдарламасы магистранттардың ғылыми жұмыстары тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулерді аяқтауға дайындық жұмыстарын жүргізуді ескере отырып әзірленді. Бағдарлама тыңдаушыны диссертациялардың ғылыми компоненттерінің көпшілігін құрастыра алатын етіп жасалған.

         Тәжірибенің негізі магистранттардың ғылыми тағылымдамадан өтуі үшін жеткілікті ресурстарға ие. Магистрлік диссертацияларға арналған семинарлар, лекциялар мен консультацияларды тәжірибелі және білікті оқытушылар өткізді.

       Тағылымдама барысында магистранттар зерттеуді жоспарлау, іріктеу өлшемін есептеу, деректерді статистикалық талдаудың дұрыс әдісін таңдау және нәтижелерді ұсыну, статистикалық деректерді өңдеу үшін ең танымал компьютерлік жүйелермен жұмыс істеу туралы негізгі идеяларды алу әдістерін меңгерді.  

       Тағылымдама барысында магистранттар өздерінің ғылыми жұмыстарын аяқтауға дайындықтарын көрсетті, олардың кәсіби қызметінде одан әрі пайдалану үшін қажетті теориялық және тәжірибелік білім алды.

       Тағылымдамаға магистранттар оң бағасын берді.