Оңтүстік Кореяның Сеул қаласындағы Йонсе (Ёнсе) Университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

24.03.2018

Көрулер: 5588

         Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина факультеті-ҚДСЖМ биомедициналық статистика және дәлелді медицина кафедрасы 2018 жылдың 24 наурызынан бастап 2-сәуіріне дейін «6M110200-Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистранттарға арналған «Severance-KZ» Халықаралық медицина қорының» қолдауымен ғылыми-тәжірибелік тағылымдама ұйымдастырды. Ғылыми тағылымдама «Ауруханалық менеджмент» тақырыбында Оңтүстік Кореяның Йонсе университетінде өткізілді.

       Қор «Северанс» клиникасы базасында өткізілген теориялық және практикалық сабақтардан тұратын 10 күндік курсты ұйымдастырды. Тағылымдамадан өту кезінде магистранттар Кореяның денсаулық сақтау жүйесіне, оның ерекшеліктеріне, заманауи пациенттерге бағдарланған, аурухана ауыстыратын технологияларды Корея клиникаларында таныстырды, аурухана менеджментінің заманауи аспектілеріне ерекше назар аударылды. «Северанс» клиникасы магистранттардың ғылыми жұмыстарын орындау бойынша практикалық ұсыныстарды әзірлеу үшін семинарлар, дәрістер және кеңес беруге білікті мамандарды ұсынды.

       Тағылымдамадан өту кезінде студенттер ғылыми жұмыстарды аяқтауға дайындықтарын көрсетті, олардың кәсіби қызметінде одан әрі пайдалану үшін қажетті теориялық және тәжірибелік білім алды.

       Биомедициналық статистика және дəлелді медицина кафедрасы ҚФ «Северанс-KZ Халықаралық Медициналық Қорының» Президенті Ан Лариса Вениаминовнаға магистранттар үішн ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік тағылымдамаға атсалысқаны үшін үлкен алғысын білдіреді.