Факультеті эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының аға оқытушысы Кузиева Г.Д. «Call-Center және Clinic Administrators үшін қызмет көрсету стандарттары» атты тренингтен өтті

14.12.2018

Көрулер: 2146

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің медицина және денсаулық сақтау факультеті эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасының аға оқытушысы Кузиева Г.Д. IMB компаниясы ұйымдастырған «Медицинада қызмет көрсету» сериясынан Марина Максеева (Ресей) медицина қызметтерінің сарапшысы «Call-Center және Clinic Administrators үшін қызмет көрсету стандарттары» атты тренингтен өтті. Тренингке қатысушылар Қазақстан мен Қырғызстанның медициналық және сақтандыру ұйымдарының қызметкерлері болды. Байытылған оқу бағдарламасы теориялық ғана емес, сонымен қатар денсаулық сақтау қызметкерлері үшін де ақпараттандыру болды. Жұмыс ұйымдастыру, шақыру орталығының мақсаты мен міндеттері, науқаспен байланыс циклы, науқаспен телефонмен сөйлесудің алгоритмі, науқастармен қарым-қатынаста қиын жағдайларды шешу әдістері қарастырылды. Осының бәрі клиникада көрсетілетін қызметтермен, алғашқы емдеу ағынымен қамтамасыз етілген науқастарды қанағаттандыруға, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымына қайта бару санына әсер етеді.