Жаңалықтар

Цифрлық Қазақстан

19.04.2020

Цифрлық Қазақстан - бұл еліміздің әрбір тұрғыны өзінің смартфоны/компьютері арқылы көптеген маңызды іс-әрекеттер жасайтын болашақ. Бұл ретте, ең құнды ресурстар-уақыт пен энергия жұмсамайды. Бұл болашақ бүгіннен бастуда. Мен, Айя Дарханқызы өз кезегінде еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының оқытушысы ретінде қашықтықтан оқыту процесінде заманауи технологияларды пайдалана отырып, бұған көз жеткіздім.

Ары қарай оқу >>

2019 жылдың ең үздік оқытушысы

19.04.2020

География және табиғатты пайдалану факультетінің тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.к., доцент м.а. Базарбаева Тұрсынкүл Амангельдиевна «2019 жылдың ең үздік оқытушысы» атанды. Кафедрамыздың меңгерушісін осындай жетістігімен кафедра атынан құттықтаймыз!

Ары қарай оқу >>

Профессор-оқытушылар құрамының Цукуба университетінің өкілдерімен кездесуі өтті

02.02.2020

2020 ж. 28 қаңтар күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің профессор-оқытушылар құрамының Жапония елінің Цукуба университетінің өкілдерімен кездесуі өтті.

Ары қарай оқу >>

Қытай Ғылым академиясындағы тағылымдама

23.01.2020

2019 жылдың 23 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында метеорология және гидрология кафедрасының "Гидрология" мамандығы бойынша магистранттары мен PhD студенттері Қытайдың алдыңғы қатарлы ғылыми орталықтарының бірі – Пекин қаласында орналасқан ҚХР Ғылым Академиясындағы аэроғарыштық зерттеулер институтында (AIR CAS) тағылымдамадан өтті.

Ары қарай оқу >>

U-INSPIRE Central Asia (DACRYN) апаттар қаупін төмендету бойынша жас ғалымдар желісі мүшелерінің кездесуі

04.01.2020

2019 жылдың 3-қаңтарында Метеорология және гидрология кафедрасының жас ғалымдары мен докторанттары U-INSPIRE Central Asia (DACRYN) апаттар қаупін төмендету (әрі қарай – АҚТ) бойынша жас ғалымдар желісі мүшелерінің кездесуіне қатысты. АҚТ үшін ғылымдағы жастар желісін дамыту және Орталық Азия елдеріндегі DACRYN қызметі туралы баяндамалар жасалды. Сонымен қатар, сел тасқындарына, сырғыма, құрғақшылық және жер сілкіністеріне жедел жауап беру бойынша «Жаздық лагерьлер» жобасы дайындалды.

Ары қарай оқу >>

ТАРТЫМДЫ ТУРИЗМ – ЕЛДІҢ ИМИДЖІ

29.11.2019

ҚазҰУ кітапханасының мәжіліс залында география және табиғатты пайдалану факультетіндегі рекреациялық география және туризм кафедрасының ұйымдастыруымен «Туризм саласын дамытудың қазіргі заманғы мәселелері» атты VIII халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ары қарай оқу >>

Көшбасшымен кездесу!

28.11.2019

2019 жылдың 28 қарашасында сағат 15:00-де, БАЗ 1 залында Укашев Жерғалбек Исакеевичпен - көшбасшылық туралы кездесу өтті. Кездесу барысында төтенше жағдайлардың қаупін азайту және олардың салдарын азайтудың тиімді тетіктерін қамтамасыз ету мәселелері қозғалды. Укашев Жерғалбек Исакеевич біздің студенттерді жұмысқа шақырды. Болашақта бірге тығыз байланыста жұмыс жасаймыз деп ойлаймыз.

Ары қарай оқу >>

Жан даусы

26.11.2019

Айналаңды нұрландыр бағдарламасы аясында Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары мен «Невада-Семей» жастар ұйымының белсенділері 2019 жылдың  26 қарашасында Ғ. Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық балалар және жасөспірімдер театрында  Семей полигонының қасіретіне арналған «Жан даусы»  атты қойылымға барды. 

Ары қарай оқу >>

ЮНЕСКО-ның 40-шы бас конференциясы

14.11.2019

ЮНЕСКО-ның бас конференциясы екі жылда бір рет өткізіледі және ұйымның бюджетін және келесі кезеңге бағдарламаларды қабылдайды. Францияның Париж қаласының ЮНЕСКО штаб квартирасында 2019 жылдың 12-14 қарашасында өткен реті бойынша 40-шы конференцияға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.к. Базарбаева Т.А. қатысты. Конференция 4 ТБО, инклюзивті білім беру, ұтқырлық және үздіксіз оқыту мәселелеріне арналды.

Ары қарай оқу >>