Тыңдай білу, түсіне білу, сендіре білу, түсіндіре білудің артықшылықтары

10.03.2020

Көрулер: 2287

10 наурыз 2020 жылы №4 студенттер үйінің мәдениет залында  "Тыңдай білу, түсіне білу, сендіре білу, түсіндіре білудің артықшылықтары" тақырыбында іс-шара өткізілді.

Тәрбиелік іс-шара коммуникативтік қасиеттерді алуға бағытталған: есту, тыңдау, түсіну, сендіру және дәлелдей білу.

Іс-шараға 18 студент қатысты. Метеорология және гидрология кафедрасының барлық оқытушылары шақырылды. Тәрбиелік іс-шара барысында 1 курс докторанттары қарым-қатынас барысында коммуникативтік техникалардың маңыздылығы туралы ақпарат беріп, әртүрлі сипаттағы ойындар өткізілді, сондай-ақ ситуациялық есептер, көптеген логикалық сұрақтар қойылды.

Іс-шара жоғары деңгейде өтті, Студенттер өте риза болды!

Ұйымдастыруға жауапты: география және табиғатты пайдалану факультетінің метеорология және Гидрология кафедрасы меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мусина А. К.