U-INSPIRE Central Asia (DACRYN) апаттар қаупін төмендету бойынша жас ғалымдар желісі мүшелерінің кездесуі

04.01.2020

Көрулер: 1955

2019 жылдың 3-қаңтарында Метеорология және гидрология кафедрасының жас ғалымдары мен докторанттары U-INSPIRE Central Asia (DACRYN) апаттар қаупін төмендету (әрі қарай – АҚТ) бойынша жас ғалымдар желісі мүшелерінің кездесуіне қатысты. АҚТ үшін ғылымдағы жастар желісін дамыту және Орталық Азия елдеріндегі DACRYN қызметі туралы баяндамалар жасалды. Сонымен қатар, сел тасқындарына, сырғыма, құрғақшылық және жер сілкіністеріне жедел жауап беру бойынша «Жаздық лагерьлер» жобасы дайындалды.

Біз, қазіргі ғылымның болашағы – бүгінде студенттік орындықта отырғандарға байланысты екенін түсінеміз. Сондықтан, құрметті жас ғалымдар, егер сіз жаңа пайдалы таныстар мен пікірлестер тапқыңыз келсе; сіздің оқу үрдісінде жаңа және қызықты мәліметтер алып, өзіңізді ғылыми және практикалық біліммен әлемдік алмасу мүмкіндігіне ие болғыңыз келсе DACRYN Youth group қосылыңыз.