Факультет тарихы

         

                                  География – қазіргі заманғы классикалық университеттік білім беру құрылымының ажырамас бөлігі


   География және табиғатты пайдалану факультеті – барлық заманауи талаптарға жауап беретін, жаратылыстану ғылымдары саласындағы құзыреттіліктері жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша Қазақстанның білім беру ХАБы. Жүргізілетін зерттеулердің ғылыми бағыттары елдің ұлттық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы шеңберінде басым болып табылады.

   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің География және табиғатты пайдалану факультеті 1948 жылы ашылған. Алғашқыда атауы Геологиялық-географиялық болған және ол екі бөлімшемен тұратын – геологиялық және географиялық. 1960 жылы геология бөлімінің жабылуына байланысты факультет атауы "География" болып өзгертілді. Бүгінгі таңда факультет "География және табиғатты пайдалану" факультетіне трансформацияланып, ең жоғары талаптар мен халықаралық стандарттарға жауап береді.

   Факультеттің бастауында Қазақстандағы география ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті географ-ғалымдар тұрды. Олардың ішінде проф. В.А.Соколов, проф. М.Ж.Жандаев, проф. Г.Г.Муравлев, доц. З.П. Коженков, проф. В.И.Коровин, проф. М.Ж. Жапбасбаев, проф. А.В. Чигаркин, проф. А.А. Тұрсынов, проф. В.М. Болдырев, проф. М.Х. Сәрсенбаев, С.Р. Ердәулетов, доц. М.Т. Бөлегенова, проф.  Н.К. Мұқитанов және т.б. ҚазҰУ ректоры, академик Ө.А.Жолдасбеков география факультетінің қалыптасуына үлкен үлес қосты. 

   Факультет ғалымдарының ғылыми зерттеулері Жер туралы ғылымдар және қоршаған орта теориясын дамыту қажеттілігімен және тәжірибе сұраныстарымен анықталды. География және табиғатты пайдалану факультеті ғалымдарының ғылыми ізденістерінің негізгі бағыттары Қазақстанның табиғи ресурстарын кешенді зерттеу, оларды тиімді пайдалану және табиғатты қорғау міндеттерін шешумен байланысты. Ландшафттану, ландшафттың геохимиясын, Қазақстан өзендерінің гидрологиялық режимін зерделеу, ауа райы болжамын және атмосфералық ауаның ластануын болғызбау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, климаттың өзгеруі және бейімделу мәселелерін зерделеу, тұрақты даму, экология, геоэкология және гляциология, өндіргіш күштерді аумақтық орналастыру, туризм теориясын дамыту саласында үлкен табыстарға қол жеткізілді.

   Факультеттің ғылыми жұмысы Колумбия университеті (Нью-Йорк, АҚШ), Оксфорд университеті (Ұлыбритания), Гонконг политехникалық университеті (Гонконг), Цукуба университеті (Жапония), Лиссабон политехникалық университеті (Португалия), Халықаралық табиғат, қоғам және адам университеті «Дубна» (Ресей) және т.б. сияқты шетелдік жетекші университеттердегі серіктестік негізінде алыс және жақын шетелдердің жетекші университеттерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады.

   Факультеттің инновациялық шешімдерінің басты бағыты – РИО +20 тұрақты даму бойынша Дүниежүзілік саммитте ұсынылған «Жасыл көпір ұрпақтан-ұрпаққа» Еуразиялық платформасының бастамасы арқылы Қазақстанның «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі бастамасын қолдау. Басты мақсаты – «XXI ғасырдағы тұрақты дамудың жаһандық энергоэкологиялық стратегиясы» және «Жасыл көпір Серіктестік бағдарламалары» бастамаларын ілгерілетуге жастарды тарту. Бұл жоба жастардың күш-жігерін тұрақты инновациялық дамудың бастамаларын іс жүзінде жүзеге асыруға жұмылдыруға бағытталған.

   География және табиғатты пайдалану факультетінің барлық даму кезеңдерінде оның қызметі Қазақстан өмірімен, жер және қоршаған орта туралы ғылымдар саласында жоғары білікті ғылыми, инженерлік, оқытушы кадрларды даярлауда республика экономикасының қажеттілігін қанағаттандырумен тығыз байланысты болғанын атап өткен жөн.