Профессор-оқытушылар құрамының Цукуба университетінің өкілдерімен кездесуі өтті

02.02.2020

Көрулер: 1766

2020 ж. 28 қаңтар күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің профессор-оқытушылар құрамының Жапония елінің Цукуба университетінің өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Цукуба университеті мен ҚазҰУ география және табиғатты пайдалану факультетінің ынтымақтастығы туралы сұрақтар талқыланды. Сондай-ақ кездесу барысында университет арасындағы академиялық ұтқырлық, студенттермен және магистранттармен алмасу, докторанттар мен магистранттардың бірлесіп жұмыс жасау саласында, сонымен қатар тау экожүйелері саласындағы бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен қызығушылық танытты. Сәтті ынтымақтастықтың бастамасы ретінде - біздің студенттердің 2020 жылғы 22 наурыздан 2020 жылғы 26 наурызға дейін кампус-кампус бағдарламасы аясында Цукуба университетінде (Жапония) Метеорология және гидрология кафедрасының 1 курс магистранты Дапен Инкар (метеорология) және 2 курс магистранты Жарылқасын Адлет (гидрология) тағылымдамадан өтуі жайлы сұрақтар қарастырылды.