«Үздік баспагер – 2021» іс-шарасы

02.11.2021

Көрулер: 921

     Күні кеше Журналистика факультеті, Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен 15 студенттер үйінде 1-2 курс студенттері арасында «Үздік баспагер – 2021» сайысы өтті. Сайыстың мақсаты – шәкірттердің білімін шыңдау, оқу мен қатар қоғамдық жұмыстарда серпіліс беру және ынталандыру болды.

     Кештің қадірлі қонақтары – кафедраның аға оқытушысы Ж. Батырханова, оқу-ісі жәні тәрбие жөніндегі орынбасары Н. Жансерікова, оқытушы М. Тасболатова және оқытушы, топ-эдвайзер Н. Тлеубаева студенттерге сәттілік тіледі.

     Сайыстың шымылдығын 3 курс студенті Б.Әлішер М. Мақатаевтың өлеңдерімен түрді. Өлеңнің әсем әуезіне бөленіп алған соң, сайыс тізгінін Н. Тлеубаева алды. Жалпы, сайыс онлайн түрде өтті. Яғни, қатысушылар «kahoot» сайтына кіріп, онда берілген 50 сұраққа жауап берді. Сұрақтар әртүрлі тақырыптарды қамтыды. Бірде оза шауып, бірде қалыс қалып жиырмаға жуық студенттер өз бақтарын сынады.

     Сайыс қорытындысы бойынша «Үздік баспагер – 2021» номинациясы мүдірмей 50 сұраққа жауап беріп, оза шапқан 1-курс студенті Ә. Асанға бұйырды. Жеңімпазға «Баспагерлік, редакторлық және дизайнерлік өнер» кафедрасы меңгерушісінің оқу-ісі және тәрбие жөніндегі орынбасары Н. Жансерікқызы өз жылы лебізін білдіріп, кафедраның атынан Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына екі адамға билет табыстады. Одан өзге қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары ретінде Ә. Ыдырысовтың кітаптары табыс етілді.

     Шара соңында кеш қонақтары өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Мұндай іс-шаралардың ізі суымайтынын айта өтіп, студенттермен өзара пікір алмасты. Осындай ерекше күйдің жалғасын қара домбыраның әуезді үніне желпінтіп, әуелеген күйге серпілткен 1-курс студенті Н. Райымбек «Адай» күйін тарту етті.

     Сый-сыяпатқа ие болған қатысушылар өз ойларын айтып, ішкі сезімдерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Кеш соңында осындай ерекше көңіл күймен сайыс қонақтары мен қатысушылары жылы естелік суретке түсті.

 

Айнұр Сләмғажы,

«Баспагерлік, редакторлық

және дизайнерлік өнер»

кафедрасының оқытушысы