“Жаһандық пандемия кезіндегі журналистика және подкаст” семинар

11.10.2021

Көрулер: 1655

   2021 жылдың 24 қыркүйегінде Тәуекел журналистикасының жаһандық орталығы (GRJH) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының студенттерімен онлайн-семинар өткізді. Баяндамашылар BBC тілшілері, CNN продюсері және Пулитцер сыйлығының иегері болды. Олар әртүрлі тақырыпта, яғни, журналистиканың жаһандық үлгісі бойынша кәсіби контент құруға, дағдарыс кезіндегі журналистік этикадан бастап, дағдарыс кезіндегі көрнекі әңгімеге дейін әртүрлі тақырыптарда әңгіме қозғады.

   Джордан Гасс-Пур – CNN-дің подкасттар бойынша сарапшысы, дағдарыс кезінде жаһандық журналистика моделінің тәлімгерлік бағдарламасы туралы айтты. Крейг Темплтон – BBC радиосының аудио контентін құрушы, The Guardian үшін аудио жобаларды құрушы, The Economist журналын «Мейлі жаңбырда, мейлі дағдарыста: А дан бастап Я-ға дейін үйде отырып подкасттарды қалай жасауға болады» деген тақырыпта әңгіме қозғады. Пулитцер сыйлығының иегері, визуалды әңгімеші, фотожурналист және цифрлық суретші Арьяна Норузи «Covid-19 көрінісі – дағдарыс кезіндегі визуалды әңгіме» тақырыбында қызықты әңгіме дайындады. BBC телеарнасының журналисі, сонымен қатар, журналистерге арналған «Жарақат» тақырыбын жариялау бойынша жаттықтырушы, "Жарақат туралы репортаж", "Журналистің нәзік оқиғаларды жариялауға арналған нұсқаулығы" кітаптарының авторы Джо Хилидің «Жарақат алған уақыттағы сұхбат - дағдарыс кезінде әрекет ету қажеттілігі» атты баяндамасына студенттердің көптеген сұрақтары туындады.

   Тәуекел журналистикасының жаһандық орталығы (GRJH), Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасы зерттеушілерді біріктіруші серіктесі және кафедра профессоры, «Global Risk Журналистика Hub» (GRJH) орталығының зерттеушісі Ғалия Ибраева болып табылады. Сонымен қатар, әлемнің түрлі елдерінен зерттеушілерді, оқытушыларды және практик-мамандарды біріктірді.

   Халықаралық журналистер студенттермен ынтымақтастықты жалғастыру үшін өз байланыстарын ерікті түрде ұсынды. Енді жас журналистер әлемдік БАҚ-тың «қалам мен микрофон акулаларымен» кәсіби қарым-қатынас жасауға мүмкіндік алды.