Қысқы бақта өткен жылы жиын

24.09.2021

Көрулер: 1088

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының мәжілісі болып өтті. Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайындағы қысқы бақ залында өткен жиынды кафедра меңгерушісі – филология ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Рамазанова ашып, жаңа декан Сансызбай Шарапиұлына ұжым мүшелерін таныстырды. Олардың алған асулары мен жеткен жетістіктері туралы айтты.


Мұнан кейін сөз алған факультет деканы Сансызбай Мәдиев мәжілістің күн тәртібімен таныстырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы туралы жылы лебіз білдіріп, ұжым мүшелерінің пікірін тыңдады. Сондай-ақ жаңа оқу жылында оқытушы-профессорларға қойылатын талап-тілектермен таныстырып, алдағы уақытта атқарылар жоба-жоспарларды бекітті. Кафедраның үздік студенттеріне шәкіртақы тапсырды. Осы жиын барысында Назкен Жансерікқызы кафедра меңгерушісінің оқу-ісі жөніндегі орынбасары, ал Айнұр Сламғажы ғылым жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Әріптестерімізге жаңа оқу жылында шалқар шабыт, толағай табыс тілейміз!

Ермахан Шайхыұлы