БІЗДІҢ БАСТЫ ИГІЛІГІМІЗ

22.09.2021

Көрулер: 1015

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен журналистика факультетінің баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын зор ықыласпен қабылдады.

Жолдауда барша қазақстандықтардың тәуелсіздігіміздің жарқындығына, халқымыздың бірлігі мен татулығына және де елдің қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық салалардағы айтулы реформаларға деген сенімі айқын білінді.

Біз, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті оқытушылары, егеменді еліміздің өркендеуі біздің өз қолымызда екендігіне, ішкі бірлігіміз елдің шексіз дамуына себепкер екендігіне кәміл сенеміз. Тек бірлік пен татулық – бізді алға жетелейтін құрал, қауіптер мен сын-қатерлерге толы қазіргі заманда бізге дем беретін күш.

Журналистер мен жазушылар ұлттық егемендігіміздің игілігін айрықша ұғынады: тарих қойнауында талай редакторлар мен баспагерлер, кәсіби жазушылар мен журналистер еліне тәуелсіздік сыйлау жолында жанын берген. Жаңа, қуатты Қазақстанда тұрып жатқан біздерге – сол құрбан болған жандардың ой-мақсаттарын жаңғырту – басты парызымыз.

Тәуелсіз мемлекетіміздің мерейтойын қарсы ала отырып, журналистика факультетінің профессорлық-оқытушылық құрамы қазақ қоғамының гүлденуі, туған жеріміздің жандануы мен дамуы үшін жүйелі реформаларды жүргізуге дайын. Еліміздің дамуы – өз қолымызда, қоғам өміріне бей-жай қарай алмайтын әр азаматтың қолында: біз жаңа, қуатты мемлекетке айналамыз ба, ашық азаматтық қоғам құра аламыз ба, Қазақстанның Орта Азиядағы рөлін одан әрі күшейте аламыз ба?

Жолдауда постпандемиялық кезеңдегі республика экономикасының қарқынды дамуы атап өтілгенімен, «жағдай әлі де мәз емес» екендігі де айтылды. Бірақ біз ертеңгі күнге сеніммен қараймыз, еліміздегі экономика, білім және мәдениет салаларына залалын тигізбей қоймаған бұл сынақтың салдарларын артқа қалдырамыз.

Біздің кәсіби мақсатымыз – мемлекетімізді білікті мамандармен қамтамасыз ету, сапалы білім беру. Жолдауда басты назар «елімізге жас, білімді, болашаққа көз тіккен мамандар керек» екендігі айтылған. Алайда тек жоғары сапалы IT-мамандарын дайындауға ғана емес, сонымен қатар біздің елде және шетелде болып жаткан әртүрлі оқиғаларды жедел және объективті түрде көрсететін журналистерді дайындауға назар аударылуы қажет. Кәсіби журналистер – қоғамдық пікірді қалыптастыратын, әлемдік ақпараттық кеңістікте ұлттық қазақи идеалдарды насихаттайтын мамандар. Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы да болашақ дизайнерлерді дайындау барысында жүйелі білім беруде. Қазіргі заманғы жоғары деңгейдегі дизайнерлер біздің мемлекетіміздің бейнесі мен үлгісін айқындайды. Ұлттық эстетикалық өнімді жасау арқылы олар біздің құндылықтарды шетелде насихаттайды және бекітеді.

Журналистика факультетінің мақтан тұтарлық тарихы мен берік дәстүрлері бар. Цифрландыру дәуіріне еніп, жаңа ІТ-технологияларды меңгерген факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы оқу үрдісінде отандық білім беру әдістері мен әлемдік ғылыми жетістіктерді біріктіреді. Бүгінде біздің факультет әртүрлі әлемдік орталықтармен, ұлттық компаниялармен және университеттермен тығыз қарым-қатынаста. Жолдауда Қазақстанның «Еуразия аймағының басым бөлігінде» жетекші рөл атқаратыны баса айтылған, сондықтан бүгінгі күні Орталық Азияда үлкен ақпараттық-талдау порталын құру қажеттілігі туындап отыр.

Мұндай аса маңызды міндеттерді шешу үшін, ең алдымен кадрлық жоспарды күшейту керек. Қазіргі кезде университетке және журналистика факультетіне жаңа басшылық келді. Бұл, әрине факультет пен университет өмірінің барлық ғылыми және білім беру саласының жаңаруына алып келетіні сөзсіз.

Аса назар аудартатын Жолдаудың тағы бір маңызды бөлімі бар. Біз дүниежүзі пандемиямен күресіп жатқан күрделі шақта студент жастармен жұмыс жасап жатырмыз. Жастар – біздің болашағымыз. Сол себепті, Жолдауда «бұқаралық және балалар спортымен айналысу үшін барлық жағдайды орнату қажет» деген ой анық болды. Токио Олимпиадасының қорытындысы Қазақстан спортының нақты жағдайын ашып көрсетті. Сонымен қатар, баршамызды қуантқан нәрсе – паралимпиадашылардың жетістігі. Олар біздің еліміздің қоржынына командалық есепте 5 олимпиадалық марапат әкелді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, медицина және денсаулық сақтау факультетінде «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасы бар. Кафедра үнемі ағартушылық акциялар мен сауықтыру тренингтерін өткізіп тұрады және қоғамды спортпен және дене шынықтырумен айналысуға тарта отырып, бұқаралық мәдени маңызы бар сауықтыру іс-шараларын өткізуде үлкен тәжірибеге ие. Сондай-ақ «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасы – жыл сайынғы дәстүрлі веложарыстардың ұйымдастырушысы.   

Салауатты өмір салтын насихаттаудың жарқын көрінісі 2015 жылғы демонстрациялық таңғы жаттығулар болды (ҚР спорт шебері А.Ш. Тургенбаева). Бұл іс-шараға Әл-Фараби атындағы университет басшылары мен барлық факультет студенттері қатысты. Біз соңғы акцияның нәтижелеріне байланысты бір сындарлы ұсыныс айтқымыз келеді.

Кезінде Бүкілодақтық радиода «Таңертеңгілік жаттығу» секілді радио-хабарлар болатын еді. Осы секілді жобаларды жалпы республика деңгейінде жаңарту қажет деп санаймыз. Кафедрада мұндай іс-шараларды ұйымдастыру үшін тәжірибе жинақталған, алайда мұндай пайдалы радио-форматты жүзеге асыруда жоғары басшылықтың қолдауы мен түсінігі қажет.

Жалпы айтқанда, университет пен кафедра алдында «Салауатты өмір салтын» қалыптастыруда бір ғана басты міндет бар, ол жастарды даңқты қазақстандық спорттық дәстүрлерге тарту. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасы өзінің жетістіктері мен Олимпиада қатысушыларын мақтан тұтады (Елдос Сметов, Игорь Сон, Жұмағали Нұрдаулет, Нұрислам Санаев).

Университет басшылығы салауатты өмір салтының мәдениетін, патриотизм идеяларын және ең бастысы, бірлікке ұмтылуды, кеше ғана біздің олимпиадашылар көрсеткендей ынтымақты ұжымда жұмыс істей білуді насихаттайды. Олимпиада қатысушылары біздің біртұтас қазақстандық рухты, халықаралық бірлігімізді, батылдық пен болашаққа деген сенімділікті білдіреді! Сондықтан біз бәріміз бірге сүйікті еліміздің игілігі үшін еңбектенуіміз қажет. Ежелгі уақытта да, кемел келешекте де Жолдаудан алынған керемет үндеу ұрпақ жүрегінде жаңғырсын. Қасиетті Отанымыз мәңгі жасай берсін!

 

Қайрат Жаңабаев,                                                                                                                                                                      

Назерке Тілеубаева,

баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасы.                                                    

Айжан Түргенбаева,

Дене тәрбиесі және спорт кафедрасының аға оқытушысы