“Шежірелі Маңғыстау” фотоэкспедициясы өтті

15.06.2020

Көрулер: 1834

Жуырда Маңғыстау өңірінде, облыс әкімдігі мен Инвестиция және туризмді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен фотоэкспедиция өтті.

Қатысушылар «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің фотомамандары мен жергілікті фотографтар.Атап айтар болсақ,олар : 1) Самат Сүлей - облыс әкімінің баспасөз хатшысы, 2) Асылхан Әбдірайымұлы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультетінің ұстазы, фотоэкспедиция жетекшісі , 3) Оңғарбек Алхаров - Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының ұстазы, 4) Мақсат Шағырбаев - National Geographic Kazakhstan журналының, Түркістан облысы бойынша фотографы, 5) Ернұр Манапқанұлы –кәсіби фотограф, 6) Мейірбек Тажкуранов - Батыс Қазақстан облысының кәсіби фотографы, 7) Серік Майемеров – «Маңғыстау Медиа» ЖШС фотографы, 8) Салауат Жәнібекұлы – Маңғыстаулық талантты жас фотограф, 9) Самат Құлшықов – Әуесқой фотограф,саяхатшы.

Фотоэкспедиция мақсаты - өлкенің тылсым табиғатын, әдемі, көркем жерлерін, ұлттық өнерін, дәстүрі мен мәдениетін көрсетіп, туризм саласының дамуына үлес қосу.