«Spartan Newsroom» тілшісінің бір күні

07.03.2020

Көрулер: 1810

АҚШ-тағы Мичиган штаты университеті журналистика мектебінің магистранты, студенттік "Spartan Newsroom" ақпараттық порталы тілшісі, informburo.kz зерттеу тілшісі Жолдас Өрісбай Сакенұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде журналистика факультетінің студенттеріне он-лайн режимде шеберлік сағаттарын өткізді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде «Екі шет тілі» мамандығы бойынша білім алған Жолдас ағылшын әдебиеті мен қазақ фольклорын салыстырып, зерттеу жазған. Алматыдағы алғашқы қазақ тілінің онлайн корпусын құруға қатысқан жас massaget.kz және 7kun.kz сынды танымдық әрі ақпараттық порталдарда еңбек етті. Журналистикаға ден қойған ол PR саласында да, квазимемлекеттік медиа секторында да аздап тәжірибе жинайды. 2017 жылдан бері informburo.kz ақпараттық порталының тілшісі Massaget.kz және 7kun.kz сынды танымдық әрі ақпараттық порталдарда еңбек еткен. Оқудан бос уақытында "Solutions Journalism" бағытын тереңдете зерттейді және журналистиканың осы бағытын Қазақстанға алып келуді жоспарлап отыр.

 
Ол тілшінің дамуында редакцияның алар орны үлкен екенін айтады. informburo.kz сайтындағы тәжірибесі барысында бірқатар анализдік зерттеу мақалаларын дайындады. Журналистің 34 отандасымызды алдап, жарты миллион АҚШ долларын жымқырған қазақстандық алаяқ жайлы зерттеу мақаласы Қазақстанда кеңінен талқыланды.
Америкалық университетте журналистік принциптерді тереңінен зерттеуде алған теориялық білімі мен медиа нарықты тану үшін практикалық дәрістер туралы әңгімелеген ол Spartan Newsroom ақпараттық порталындағы тілшілік өмірі туралы пікір алмасты. АҚШ-тың Детройт қаласындағы экономикалық әрі әлеуметтік дағдарыс жайлы деректі фильмінің түсірілімі де студенттерге танымдық кейс болды.