Блогердің шеберлік сағаты

01.02.2019

Көрулер: 2484

Блогер, IT маман, "Сиқырлы SMM" кітабының авторы Нұрлан Жанай журналистика факультетінің студенттеріне шеберлік сабағын өткізді. Әлеуметтік желі психологиясы, сайтқа жазу технологиясы, видео блог жүргізудің артықшылықтары туралы жан-жақты ақпараттар берді. Сонымен қатар сайтқа мәтін жазудың әдіс-тәсілдерін үйретті. Интерент заңдылықтарына, құқықтық, этикалық нормаларына тоқталды. 

Әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, интернет желі маркетингі мен менеджментін дамытудың жолдарын ұсынды. Интернетте тіл үйрену онлайн курстары бойынша да мол ақпарат берді. Заманауи технологияларды меңгеру - заман талабы екендігін түсіндіре отырып, жастарға талмай еңбектеніп, теорияны тәжірибемен ұштастырудың маңыздылығын жеткізді.
Журналистика факультетіндегі "Мобильді журналистика" клубымен алдағы уақытта тығыз байланыста болып, студенттердің тәжірбелерін шыңдауда бағыт-бағдар беруге дайын екенін жеткізді.
"Мобильді журналистика" клубының жетекшісі: Айкерім Әлімжан