«Жас тілшілер» атты V Қожакеев оқулары аясында ғылыми форум өтеді.

19.04.2018

Көрулер: 3328

20 сәуір 2018 жылы (сағ. 11.00) «Жас тілшілер» атты V Қожакеев оқулары аясында ғылыми форум өтеді. Ең үздік студенттік ғылыми-публицистік жобаларға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына байқау жарияланады. Байқау ең үздік ғылыми жоба, ең үздік публицистика, ең үздік сатиралық туынды, Т. Қожакеев өмірі мен шығармашылығына арналған ең үздік мультимедиалық жоба номинациялары бойынша өтеді.

Байқау жеңімпаздарына қазақ журналистикасы дамуына үлес қосқан көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожакеұлы Қожакеев атындағы арнайы стипендия тағайындалады, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Өтетін орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті, профессор Т. Қожакеев атындағы Акті залы /230 ауд/.
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., проф. Гүлмира Серікбайқызы Сұлтанбаева
тел.: 221-14-92; моб: +77073777049
эл-пошта: Gulmira.Sultanbayeva@kaznu.kz, sultanbaeva_g@mail.ru;
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, Белғараева Ардақ Тайғарақызы
тел.: 221-13-51; моб: +77018887276
эл-пошта: ardak2776@gmail.com