Ғалымдар климаттың өзгеруін зерттеуде

02.04.2018

Көрулер: 3208

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универитетінде «Климаттың жаһандық өзгеруі және су ресурстарының мәселелері» атты семинар өтті. Семинар ЮНАИ бағдарламасының Бүкіләлемдік су күнін атап өту ұсынысы бойынша Тұрақты даму жөніндегі ЮНАИ хабының және Тұрақты даму жөніндегі MDP бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылды. Аталмыш шара жаһандық диалогты жылжытуға, климаттың өзгеруіне бейімделу туралы білім мен ақпараттар алмасуға, ғылыми қоғамдастықтың бірлескен іс-қимыл мүмкіндіктерін зерттеуге бағытталған. Кездесу университет ғалымдарына климаттың өзгеру тенденциясын, Қазақстандағы суды сақтаудың ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік береді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Бірінші проректоры М.М. Бүркітбаев байқалып жатқан климаттың өзгеруі адам қызметінің нәтижесінде туындағанын атап өтті: «Жаһандық жылыну мәселесі халықаралық қатынастармен байланысты, сондықтан ғалымдар бұл мәселеден тыс қала алмайды, әсіресе, Қазақ ұлттық университеті Тұрақты даму жөніндегі ЮНАИ хабының міндеттері аясында белсенді жұмыс істеуде».

Су тақырыбы, әрине, еліміздің су ресурстарын жете зерттейтін Қазақстан ғалымдары үшін өзекті. Сондықтан күн тәртібіндегі негізгі мәселелер келесідей болды: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдары жүргізіп жатқан Қазақстандағы су ресурстарын зерттеу саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары; табиғатта және климатта бар нәтижелер; болашақ экологиялық өзгерістер ауқымы. 

География және табиғатты пайдалану факультетінің профессоры Д.К.Жүсіпбеков «Қазақстан өзендерінің жазық даласында көктемгі су айдындарының сипаттамаларын анықтау» тақырыбында баяндама жасады. Биология және биотехнология факультетінің профессоры Т.А. Кетегенов, философия докторы Р.Саламурзаұлының «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің жасыл технологиялары» атты презентациялары деректері және ұсыныстарымен қызықты болды.

Биыл Дүниежүзілік су күнінің тақырыбы «Табиғатқа жауап» болғандықтан семинарға қатысушылар құрғақшылыққа, климаттың өзгеруіне қарсы күрес ресурстарын, «жасыл» және «сұр» инфрақұрылымдардың интеграциялануын суреттейтін мысалдармен, Қазақстандағы және көршілес елдердегі сумен байланысты белгілі бір мәселелермен белсенді жұмыс істеді. Семинар барысында қатысушылар су қауіпсіздігін қамтамасыз ететін озық әдістер бойынша ұсыныстарын дайындады. Экожүйені сақтауда ғалымдардың қосар үлесі бүкіл әлемдік қауымдастық үшін маңызды болып табылады.

Мұқанова Гүлнәр,
"АЙҚАП" журналының жауапты хатшысы,
әл Фараби атындағы ҚазҰУ
Алматы, Қазақстан