ПОЛИЛОГ-МАРАФОН

05.12.2017

Көрулер: 3469

Жас тілшілер мен репортерлерге арналған «Журналистика негіздері» практикум аясында Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасынң доцент м.а А.А. Мусинова  29-30 қараша аралығында 2-курс студенттері және мектептің жоғары сынып оқушыларының қатысуымен полилог-марафон өткізді.

Шеберлік сағаттың бірінші күні «Монолог, диалог және полилог заманауи масс медиа» тақырыбына жоғары сынып оқушылары ойын түрінде риториканың негізі, диалог және полилог жүргізу ережелерімен танысты.

2-күні жас тілшілер 2-курс орыс бөлімінде оқылатын «Бұқаралық коммуникацияның тілі мен стилі» пәні бойынша үш сағаттық полилог марафонға қатысты.

Үш сағат ішінде екі команда дауласудың 2 түрін қарастырады; пікірталас және дебат.

Дөңгелек стөл барысында «Әйелдерге үйдегі тұрмыстық зорлық», «Өлім жазасы» қарсы, қарсы емес деп пікірталасжүргізіп, оның проблемалары мен шешу мақсаты айтылды.

«Ақылға қонымды диалог» ток-шоуында «Қазақстан» тақырыбы. «Ядорлы энергияны пайдалану» және «Шындыққа қарау», «Түсіну және кешіру?» тақырыбына тиімді сөйлеу практикасы мен кіріспе пікірталас түрінде өтті.

Полилог-марафон қарқынды және жылы достық атмосферада өтті.