«Заманауи ЖОО-ның академиялық және дербес басқарушылықты кеңейту шарттарындағы академиялық саясаты» атты республикалық семинар-кеңеске қатысу

06.12.2017

Көрулер: 2122

Семинардың өткізілу күні: қазанның 12-13, 2017 жыл.

Өтетін орны: Қазақстан, Петропавловск қ.

Шақырушы жақ: М.Қозыбаев атындағы Солтустік Қазақстан мемлекеттік университеті.

Конференция тілі: орыс, қазақ.

Семинар аясында талқыланған сұрақтар:

-         Жоғары оқу орнының академиялық және дербестік басқарушылығы Жаңғырту 3.0 аясында;

-         Заманауи Жоғары оқу орнының академиялық саясаты: принциптері мен әзірлеу стандарттары;

-         ЭЫжДҰ елдік шолу аясындағы білім беру қызметтерінің сапасы;

-         Білім беру бағдарламаларының реестрін білім беру мазмұны сапасын арттыру құралы ретінде тану;

-         Ішкі сапаны қамтамасыз етудің саясаты мен стандарттары;

-         Академиялық ұждандылық саясатын жоғары білім беру сапасын арттырудың құралы ретінде тану;

-         Жоғары оқу орындарының академиялық және дербестік басқарушылығын кеңейту бойынша Заң жобасы аясында жасалған нормативті-құқықтық актілерді талқылау.

Семинар күндізгі оқу бөлімінде өтті, спикерлер Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің өкілдері болды.

Семинар Жоғары оқу орындарының академиялық және дербестік басқарушылығының өзекті міндеттерін шешу жолдарын іздеуге, сонымен қатар білім беру сапасын арттырудың механизмдерін анықтау мен талдауға  бағытталды.